Тағылымды сайыс өтті

20150204_160453Қазақ хандығының құрылғандығының 550 жылдығына орай, Қазақ хандарын ұлықтау мақсатында біздің мектебімізде 8-11 сыныптар арасында «Білімділер» атты сайыс өтті.
«Білімділер» сайысының мақсаты: ұлтжандылыққа, шапшаңдыққа, тапқырлыққа баулу, елін, жерін, Отанын сүюге, патриоттыққа тәрбиелеу. Оқушылар топпен жұмыс жасау барысында, шапшаң шешім қабылдау дағдылары бойынша өзара бәсекеге түсті. Сайы­сымыз 6 кезеңнен тұрды. Барлық кезеңдер Қазақ хандарының өмірі, хандық құру кезеңдеріне негізделе отырып, құрастырылды. Әр топтың аты, ұраны, эмблемалары және  бук­леттері болды. Кезеңдер бойынша оқушылар бір адамдай атсалыс­ты. Әйтсе де жарыс болған соң, жүйріктің бәйге алары айтпаса да түсінікті. Әділқазылар алқасына үздіктің үздігін анықтау оңай болған жоқ. Қатысқан екі топтың ішінен «Алаш Орда»тобы жеңіске жетіп  Үздік дипломмен, 2-топты мақтау грамотасымен марапатталды. Ата-бабаларымыз әрқашанда ұлдарды кішкентай кезінен бастап ел қорғаны батыр бол, Отан алдындағы борышымызды орында, – деп тәрбиелеген. Ата-бабаларымыз қалдырған мұраны сақтап, ұрпағымыздың бойына ұлттық құндылықты, имандылықты, мейі­рімділікті беруіміз қажет. Болашағымыз нұрлы, еліміздің ертеңі жарқын болсын десек, ел болып, халық болып, ұлтымызды, тегімізді жоғалтып алмайық, себебі өз міндетіне адал бауырмалдық  бар жерде ғана қоғам түзеледі.
Тана БАЙСАМАТОВА,
Маяковский орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі.
Алтынсарин ауданы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓