Тұжырымдама әзірленуде
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі А.Сәрінжіповтың айтуынша, келесі жылдың көктемінде тәрбие жұмысының Тұжырымдамасы жұртшылыққа таныстырылатын болады.
Осы тәрбие жұмысы Тұжырымдамасының негізі ретінде Назарбаев зияткерлік мектебіне енгізіл-ген үлгі алынды. Сол секілді осы негіз бойынша тек оқу бағдарламалары ғана әзірленіп жатқан жоқ, тәрбиенің аспектілері де ескерілді. Аслан Сәрінжіповтың айтуынша, тәрбиелеу аспектісі барлық оқу пәні арқылы өтетін болады. Ал, ұстаздар тек сабақ беріп қана қоймай, белгілі бір құндылықтарды оқушылардың бойына сіңіре отырып тәрбиелейді. Қазіргі жаңартылып жатқан білім беру стандартында тәрбие жұмысына маңыз беріледі. Білім беру бағдарламасына Мемлекет басшысы жиі айтатын азаматтық жауапкершілік, отаншылдық секілді құндылықтар да енгізіледі. Тұжырымдаманы ата-аналардың съезінде бекіту жоспарлануда.
Гүлназым
САҒИТОВА