Диқандарымыз биылғы жылды қорытындылады

600_5f82a6e0b8fa5fbb8b70cafd3a5608db

Диқандарымыз үшін биылғы жылдың қаншалықты ауыр бол-ғанын жақсы білеміз. Қолайсыз ауа райы жағдайлары дәнді дақылдардың уақытылы пісіп, жетілуіне, ал кейіннен егінді жинап алуға кедергі жасады. Бұл, әрине, тың және тыңайған жерлерді игерудің 60 жылдығын атап өтіп   жатқан біздің өңір үшін қиынға  соқты. Сонда да өздерінің қажырлы мінезі мен ерен еңбегінің ар-қасында диқандарымыз басқа түскен үлкен бір сынақты көтере білді.
Егін жинау жұмыстарының қорытындысы бойынша облыс аграршылары 4,5 млн. тоннадан астам дән бастырып,  гектарына 11 центнерден өнім алды.
Ауыл шаруашылығының елді азық-түлікпен қамтамасыз етудегі рөлін ескере отырып, мемлекет тарапынан агроөнеркәсіп секторын қолдау шаралары қабылданып, дер кезінде қиыншылыққа қарсы іс те ойдағыдай өткізілді.
2009 жылдан бастап қана облыстың ауыл ша-руашылығын дамытуға 202 млрд. теңгенің қаржысы құйылса, оның 65 млрд. теңгесі – қайтарымсыз еді.
Таяуда өткен аппарат мәжілісінде облыс әкімі Нұралы Садуақасов аграрлық жылды қорытындылап, келер жылдың еншісінде тұрған бірқатар жайттарға назар аударды. Әсіресе, Елбасы бекіткен – "Сыбаға", "Алтын асық", "Құлан" бағдарламалары арқылы мал шаруашылығын дамытуға басты қызығушылықты арттыру және соған лайықты жұмыс істеу.
– Біздер мемлекеттік және салалық бағдарламалардың іске асырылуының арқасында ауылдарды абаттандыру, қалпына келтіру және жаңа әлеуметтік, коммуналдық нысандарын салуды мықтап қолға алуымыз керек. Басымдықты осы агроөнеркәсіптік секторын одан әрі әртараптандыруға салу қажет. Майлы, жарма, көкөніс, мал азығы өнімдерін де жоспарлы түрде кеңейту керек. Экономиканың диференциялдығын да қадағалау ләзім. Бес жылдың ішінде агроөнеркәсіп кешен саласында 111-ге жуық инвестициялық жобаны іске асырыппыз. Енді мұны тағы да одан әрі арттыру мақсатымыз болмақ, – деді Нұралы Садуақасов.
Ала жаздың аптабында аспанның қабағын аңдып, күз келсе күйбеңі бітпейтін, қолынан кетпені мен күрегі түспейтін диқандарымызға келер жылдың несібесі мол болып, жер-ана ырыздығын берсін дейміз!
Нұрболат
        МЕШІТБАЕВ
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓