Қарабатыр, Жәзит аға және Жайылма “Қостанай таңының” Қамысты ауданындағы күндері

Карабатыр_2_1"Біз газет бетін ашқанда, Қарабатыр туралы не жазылды екен деп іздеп отыратын болдық. Оның себебі бар – бұдан былай да марқұм Жәзит Құдайқұл көтеріп кеткен ауылымыздың тыныс-тіршілігі, жаңашыл істері, өзгерістері, игі бастамалары туралы "Қостанай таңы" басылымында жиі жазылып тұрса деген тілегіміз бар. Себебі, соңғы уақытта Жәкең өмірден озғалы, ауылымыз туралы жазылмай кетті деуге болады".
Қарабатыр ауылының тұрғындары осылай деп базынасын жеткізеді. Рас, облыстық "Қостанай таңы" газетінің ұжымы Қамысты ауданында өткен күндерінде "тұңғыш помещик" атанған Жәзит Құдайқұлдың ауылын аттап кетуді ар санады. Бас  редактор  Жанұзақ Аязбековтың "Қай заманда да газетімізден қол үзбеген ауылдың бірі мынау десе, ол – Қарабатыр. Жәзит ағамыз өмірден өтсе де, ол кісінің ісін жалғастыратын ұрпағы, елі бар  екен артында. Сол себепті ерекше толқыныспен келген жайымыз бар" деуі бекер емес. Сапарымызды Жәзит ағаның зиратына барып, құран бағыштаудан бастадық.
Мына бір жәйтты кездейсоқ деуге келмес. Былтыр Қарабатыр 21 қыркүйекте егінін жинап болыпты. Ол кезде Жәкең IMG_4689Астанада ауруханада жат-қан екен. Ұлы Маратқа телефон соғып, "ырыздықты төкпей-шашпай, ел игілігіне жұмса, артынан барып тексерем" деген ғой. Жәзит Құдайқұл соның келесі күні дүние салды. Айтайын дегеніміз, Қарабатыр биыл да егінін 21 қыр-күйекте жинап алып отыр. Бұның өзі Алланың ерекше ықыласы дейді ауылдағы ағайын. Қарабатырда ұзақ жылдар еңбек ет-кен В.Шумаков, К.Талқымбаев, Ж.Амандосов, И.Вирич бастаған зейнеткерлер мен мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Әшім, серіктестік жұ-мысшысы К.Піштаевтар жылы пікірлерін білдірді. 
Газетіміздің бас редакторы Жанұзақ Аязбеков ұжымымызды бауыр тарта қарсы алған барша қарабатырлықтарға алғысын айтып, ауыл басшысы Марат Құдайқұловқа арнайы алғыс хат пен "Қостанай таңы" газетінің жанашыры" куәлігін табыс етті. Ауыл басшысы газет ұжымына ертеден жалғасып келе жатқан игі дәстүрдің үзілмей, әлі де талай жақсы жаңалықтармен қауышып тұрсақ деген тілегін білдірді.
Қарабатырдан шыққан газет ұжымы аудан орталығына табан тіреді. Қамысты елінің рухани дүниеге сусап отырғанын аңғару қиын емес. Оның да себептері бар. Сөз алған үлкен буынның: "өңірімізге жиі келіп, ақсақалдармен кездесіп, жай-күйлерін біліп, ақыл-кеңес, ұсыныс сұрап тұрсаңыздар" дегені орынды-ақ. Зейнеттегі азаматтар, билік өкілдері, қарапайым қызметкерге дейін газеттің аудандағы тілшісі болса деген өтінішін білдіріп жатты. Бұған дейін 11 аудан-қалада бол-ған газет ұжымына алғаш болып орыс тіліндегі сауал дәл осы Қамыстыда жолданғанын айта кетейік. "Айналайын" бөбекжайының меңгерушісі Ботагөз Ерғалиеваның "Ұстаздар газетке мақала жолдаса, ол ақылы бола ма?" деген сауалына бас редактор Жанұзақ Аязбекұлы "Бізде жарнамалық материалдар ғана ақылы. Ал оқырмандарымыздың салмақты ойы, айтылған өзекті, өткір мәселесі тегін жарияланады" деп жауап берді.
Алғашқы құттықтау сөзінде аудан әкімінің орынбасары Ержан Кәрбозов осы өңірдің басшысы мен тұрғындарының атынан алғыс білдіріп, газет ұжымына шығармашылық табыс тілеп, жедел ақпараттарды, шынайы дүние-лерді жаза беруіне тілектес екенін жеткізді.
Қамысты ауданында да газетіміздің "Жанашырлар клубы" құрылып, оған №2 Қамысты орта мектебінің директоры Алма Ысқақова, Қамысты ауданы әкімдігі тілдерді оқыту орталығының директоры Жәнібек Өтеулин, аудандық ішкі саясат бөлімі жастар бастамалары орталығының директоры Диляра Әлмұхамедова мүше болды. Ал аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейітбек Есімбай клуб төрағалығына сайланды. "Жанашырлар клубына" мүше бол-ғандардың барлығына "Қостанай таңы" газетінің алғыс хаты мен арнайы куәліктері және клуб жетекшісіне келер жылға редакция атынан үш адамға тегін жазылуға сертификат берілді. Ал №2 Қамысты орта мектебінің мұғалімі Арай Садақбаева мен аталған оқу ордасының маманы Толқын Айтмағамбетоваға және 9 сынып оқушысы Гаухар Мұқашеваға "Қостанай таңының" жас тілшісі" арнайы куәлігі табыс етілді. Жергілікті өнерпаздар ән-күйден шашу шашты.
IMG_4536цветнойМарат Құдайқұлов,
"Қарабатыр" Агрофирмасы" ЖШС бас директоры:
– Әкем Жәзит Кәрімұлы баспасөз құралдарынан, соның ішінде қара шаңырақ "Қостанай таңы" газетінен қол үзген емес, дос болды. Енді, міне, өздеріңіз әкемнің аруағын сыйлап, ауылымызға атбасын бұрып отырсыздар, оған мың алғыс айтамын. Мен де сіздермен үнемі байла-ныста боламын деп сенемін.
IMG_4492цветнойҚабылхан Үркімбайұлы,
Қарабатыр орта мектебінің мұғалімі:
– Моңғолиядан 1991 жылы ал-ғашқы көшпен келдік. Содан бері "Қостанай таңы" газетін үзбей оқып келеміз. Жастарымызға тәрбие беретін көптеген тағылымды ой-сөздер жазылуда. Бұл құптарлық іс. Қазіргі жастардың көбі ғаламтордағы дайын материалдарға көбірек әуес болып кетті. Оларды газет оқуға тарту үшін газет бетінде танымдық дүниелер үзбей жарияланып тұрса.
IMG_4633цветнойЕрболат Бекмұхамедов,
"Нұр Отан" партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:
– Ауданымыз тың игеру заманында құрылған. Жастардың рухын көтеретін тарих, тіл, дін тақырыбында мақалалар жиі көтеріледі. Осы үрдіс тоқтап қалмаса. Қамысты ауданында еңбек еткен небір азаматтар бар. Солар туралы жазыңыздар.
IMG_4515цветнойҮмітшақ Қарағұлова,
Қарабатыр орта мектебінің мұғалімі:
– Қарабатыр егінді уақтылы жинап, қазір солтүстіктегі аудандардың диқандарына көмектесіп жатыр. Осындай игі істеріміз газет бетінен көріне берсе.
IMG_4519цветнойЖеңісхан Мұғражұлы,
серіктестік жұмысшысы:
– "Қостанай таңы" газетінің ауылымыздағы, аудандағы  жаңалықтарды паш ететін меншікті тілшісі болса. Тілші болмағасын, игі істеріміз көрінбей жатыр.
IMG_4511цветнойҒарифолла Қиысхан, 
Қарабатыр орта мектебінің мұғалімі:
– Ауыл мектебіне Жәзит Құдайқұлдың есімін беруге ықпал етсеңіздер екен. Екінші ұсынысым, бұдан бұрын газетте басқа басылымдардан алынып жарияланатын тағылымды мақалалар болушы еді, сол бір үрдісті жалғастырсаңыздар.
IMG_4606цветнойСейітбек Есімбай, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы.
– Біздің аудан – батырлар мен даңқты тұлғалар дүниеге келген ел. Солар туралы жазылмайды. Алда Жеңістің 70 жылдығы, ауданымыздың 60 жылдығы. Газет Қамысты ауданын шетке ысырып тастаған сияқты. Неге үніміз естілмейді? Елбасымыздың Ұлытау жерінде көтерген тіл, діл, дін мәселесі өңірімізде қалай жүзеге асып жатыр, осы жағын дәріптесеңіздер. "Мәдени мұра" бағдарламасының өрістеуі туралы жазылса. Әйтпесе, жастарымыз кітапханадағы рухани мұраны оқымай жатыр. Және сын көбірек жазылып тұрсын. Оны қолдаймын. "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" жолы ауданымызды басып өтеді, соның орындалу барысын жазыңдар.
IMG_4616цветнойЖәнібек Өтеулин,
 "Тілдерді оқыту орталығы" КММ директоры: 
–  Ел тарихы, жер тарихы, тұлғалар  туралы газеттен оқып отырамыз. Тілді  насихаттауға, дәріптеуге байланысты дүниелерді жаза берсеңіздер.
Қыдырбек ҚИЫСХАНҰЛЫ.
Суреттерді түсірген
Бағдат АХМЕТБЕКОВ.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓