Келешекке жол табамыз!

Біз, бәріміз Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың "Нұрлы жол – болашаққа бастар жол" атты халыққа арнаған дәстүрлі Жолдауын бір ауыздан қолдаймыз. Биылғы жұмыстарымыздың дені осы Жолдау аясында жүзеге асырылатын болады. Өйткені біз, әр Жолдаудан жол табамыз!
Тимирязев ауылдық округінің әкімі Есқожа ҚалиевЕнді, өзім, Тимирязев ауылдық округінің әкімі болғандықтан, бар істің басы-қасында жүргендіктен, өткен жылдың қорытындысын бір шолып өтсем деймін. Өйткені, біздің округіміз жыл есебі бойынша үздік үштіктің құрамына енді. Айталық, жылқы жылы ауылдық округте өткен іс-шаралар жетерлік болды. Ауылда абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Бүгінде алпысқа жуық көше шамдары жарқырап жанып тұр. Әкімдіктегі үш шөп шабатын құрылғылар саны тағы екеумен толықты. Оған ауылдағы шаруа қожалықтарының басшылары –  Б.Хасенов, Ж.Жапаров, Р.Латыпов, А.Ковалевич, К.Хажиевтар демеу-шілік жасады.  Жалпы, жаз айларында орталықтағы "Әлия" саябағы да жарқырап тұрады, қоғамдық жұмыскерлер де өз жұмыстарын жақсы орындайды. Кәсіпкерлікте де ілгерілеушілік бар. Бауыржан Қоқаев деген азамат ағаш өңдейтін цех ашты. Бұл жиһаз цехында тапсырыс бойынша тұрмысқа қажетті кез-келген заттар жасалады. Осының арқасында жаңа 3 жұмыс орны ашылды. Өткен жылы ауыл кәсіпкерлері тәп-тәуір өнімге қол жеткізіп, орта есеппен гектарына 20 центнерден өнім алды. Бізде мал шаруашылығын дамыту мақсатында "Жұмыспен қамтудың жол картасы–2020" бағдарламасына қатысып, бақ сынап жатқандар да баршылық. Мәселен, төрт адам шағын кредит алды, 3 млн.теңге көлеміндегі несиеге жылқы, қой, сиыр сатып алынды. Сондай-ақ, қараша айының аяғында "Тыңның 60 жылдығын" атап өттік. Оған ауылдың барлық тұрғыны шақырылды. Айтулы шарада Тимирязев оқушыларының қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдас-тырылып, ауылдағы 15 тыңгердің  бәріне бірдей естелік сыйлықтар табыс еттік.
Жалпы, өткен жылға өкпеміз жоқ, осы жылы бұдан да биік белестерді бағындырамыз деген үміттеміз!  
Есқожа ҚАЛИЕВ,
Тимирязев ауылдық округінің әкімі.
Сарыкөл ауданы.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓