Келісіп пішкен тон келте болмайды
Облыс әкімі Н.Садуақасов саяси партиялардың облыстық филиалдары басшыларымен кездесті. Басқосу барысында өңірдің экономикалық һәм әлеуметтік дамуы туралы жан-жақты әңгіме болды. Аймақ басшысы қордаланған мәселелерге де арнайы тоқталды.
Сондай-ақ саяси партия өкіл-дері облыс басшысына қоғамдағы орын алған түйткілді мәселелер туралы сұрақтар қойды. Қазақстанның Коммунистік халықтық партиясының облыстық хатшысы Алпысбай Әлімбаев жастар тәрбиесін алға тартты. Және зейнеткерлердің қоғамдық көліктерде тегін жүруі туралы мәселе көтерді. Бұған облыс басшысы нақты жауап берді. Ол жас-тармен жұмыс төңірегінде ешқандай кедергінің жоқтығын айтса, екінші мәселе өте күрделі екендігін жасырмады. Өйткені, барлық зейнеткерлердің тегін жүріп-тұруын қамтамасыз ету үшін қазынада басы артық қаржы жоқ. Облыста жүз мыңнан астам зейнеткерлер тұрады. Оларды тегін жүргізу жолаушылар тасымалдайтын кәсіпорындарды тұйыққа тірейді. Сондықтан мұндай ұсыныс тиімсіз.
Ал Қазақстан Коммунистік партиясы облыстық филиалының төрайымы Шұға Ерғалиева емханалардың жұмысына сын айтты. "Мәселен, қаралу үшін емханаларға бас сұқсаңыз, онда ұзын-сонар кезекке тап боласыз. Кейде дәрі жетпейді. Тіпті дәрігерлердің орнын сипап қалатын кез де болды", – деп налиды партия өкілі. "Бұл мәселені анықтау керек, – деді аймақ басшысы. – Егер жағдай әлгінде Сіз айт-қандай болса, онда бұған тиісті шара қолдануымыз керек".
Жалпыұлттық Социал-Демократиялық партиясы облыстық филиалының төрағасы Сергей Богатыревтың айтуынша, кітапханалар саяси партиялармен бірлесіп жұмыс істеуге құлықсыз. Тіпті, ондағы оқу залдарына саяси партия өкілдерін кіргізбейді. Мүмкін бұл ретте облыстық мәдениет басқармасы мен саяси партиялар арасында тиісті бір меморандумға қол қою керек шығар деген ойын білдірді С.Богатырев. Бұл туралы Н.Садуақасов құзырлы мекеменің басшысы Л.Сероусқа мәселенің түйінін шешуді тапсырды.
"Ақжол" демократиялық партиясының облыстағы өкілі Өмірбек Сәтмұхамбетов те облыс әкіміне баға саясатына қатысты, тұрғын үй-құрылыс жинақ банкісінің жұмысын же-тілдіру жөнінде нақты сауалдар жолдады. Мұның бәріне Н.Садуақасов тұщымды әрі нақты жауап қатты. "Негізі, "келісіп піш-кен тон келте болмайды", деп халқымыз бекерге айтпаса керек. Мына кездесу осы бір аталы сөздің ақиқаттығын растайды. Бүгінгі басқосу – қоғамдағы кез келген проблеманы бірлесіп шешудің айқын көрінісі, – деп ой қорытты саяси партия өкілдері.
"Ауыл" партиясы облыстық бө-лімшесінің төрағасы Сәбит Есмұ-ратов өңірдегі әлеуметтік дүкендер тек қана тұрмысы төмен отбасылардың мұқтажын өтеуге тиіс деген өз уәжін айтты. Облыс әкімі бұл ұсынысты бірден қолда-ды. Басқосу да тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелеріне қатысты, шағын және орта бизнесті дамытуға арналған шаралар төңірегінде тың идеялар, нақты ұсыныстар жасалды. Облыс басшысы кездесуде көтеріл-ген мәселелерді қаперде ұстайтындығын жеткізді. Жалпы, сая-си партия өкілдері мен облыс әкі-мі арасында өткен кездесу қос та-раптың да көңілінен шыққан тә-різді. Мұны саяси партия өкілде-рінің өздері айтты. "Тұңғыш рет бо-лып отырған кездесу алдағы күн-дердің еншісіндегі бірқатар проблемаларды шешуге таптырт- пайтын диалог алаңына айналды. Мұндай басқосулар анағұрлым жиі болса, қоғамда орын алған мәселелерді соғұрлым оңай шешуге ықпалы тиер еді, – деп есептейді саяси партия өкілдері.
Айбек
кәдірұлы
Суретте: Кездесуден көрі-ніс.
Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.