Әлеуметтік жоба іске қосылды

Әулиекөл ауданында "Демеу" әлеуметтік волонтерлік жобасы басталды, соның арқасында ауыл тұрғындарына медицина, құқықтану және психология саласында көмек көрсетілетін болады.
Жобаның басты мақсаты – ауылдық жерлерде азаматтарға құқықтық және медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру. Сондай-ақ, жоба мемлекеттік бағдарламалар туралы халықты ақпараттандыруға, азаматтардың бастамашыл топтарымен және үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс жүргізу арқылы ауыл тұрғындарына профилактикалық білім беруді күшейтуге бағытталған.
– Біз 500-ден астам ауыл тұрғындарына түрлі бағыттағы консультациялар қолжетімді болады және олардың сұраныстары қанағаттандырылады деп үміттенеміз. Олардың барлығы біздің қолдауымызға ие болады. Осылайша, жоба әлеуметтік қамқорлықтың үлесін арттыра отырып, ауыл тұрғындарының әлеуетін көтереді, – дейді "Демеу" жобасының үйлестірушісі Әсемхан Есмағамбетов.Жобаны іске асырылатын аумақтар қатарына Әулиекөл, Аманқарағай, Сұлукөл, Чернигов, Құсмұрын, Новоселов, Диев, Тимофеев, Москалев және Новонежин ауылдық округтері кіреді. Жоба аясында ауылдық округтердің басшылығы түсіндіру және таныстыру жұмыстарын, әлеуметтік-ақпараттық желілер, жедел желілер құру, заңгерлік-құқықтық кеңес беру сияқты іс-шараларды ұйымдастырады.
"Демеу" әлеуметтік жобасы пилоттық режимде іске қосылды. Нәтижесінде, көрсетілген бағыттар бойынша нақты проблемалар айқындалатын болады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓