Cәнияға артар сенім зор
Қостанайдағы НЗМ 12-сынып оқушысы Сәния Өмірзақова – болашағынан зор үміт күттіретін жас ғалым. Ол осы уақытқа дейін өзінің бірегей жобаларымен түрлі халықаралық, республикалық байқауларда топ жарып жүр. Бүгін сіздерді осы дарынды оқушымен таныстырғымыз келеді.Мәселен, Сәнияның «Өсімдік тағамдарының қалдықтарынан биопластика алу» жобасы шетел мамандарын таңдандырған еді. Осы жылы Мәскеу қаласындағы А.Колмогоров атындағы мамандандырылған оқу-ғылыми орталық базасында өткен «Колмогоров оқулары» атты оқушылардың XXI халықаралық ғылыми конференциясында аталмыш еңбегімен 1-орын иеленген.Айта кетерлігі, бұл сынға Ресей, Белоруссия, Сирия, Тайланд, Украина, Оңтүстік Осетия елдерінен 272 оқушы қатысқан болатын. Сәния «Химия» секциясында өзінің ғылыми жобасын таныстырып, үздік атаныпты.– Ғылыми орталық оқытушыларының алдына шығарда қатты қобалжыдым. Бірақ «егер бұл іс-шарадан нәтижесіне қарамай ерек әсер алсаң, ғылым саласы – сенің салаң» деп өз-өзімді қайрап, еңбегімді сәтті қорғадым. Бұл сайыстағы жеңіс мені ары қарай іздене түсуіме қанаттандырды», – деп еске алады Сәния Өмірзақова сол жарысты.Сәния ғылыи ізденіске 2019 жылы қадам басыпты. Ал алатған жобаны сыныптасы Дилара Үсембаева екеуі қолға алған. Қазіргі таңда Сания ғылыми жаңалығын одан ары дамыту жолында еңбектеніп жүр. Ол өзінің бұл жетістігі болашақта бұдан да зор табыстарға жол ашатынына сенімді. Біз де жас ғалымның ертеңіне үлкен үмітпен қарағымыз келеді.