“Таным көкжиегі”

Өткен жылдың желтоқсан айынан бастап,  2016 жылдың қаңтар айына дейін Қостанай құрылыс колледжімен бірлескен УрГУПС университетімен 2 этаптан тұратын "Таным көкжиегі" атты халықаралық олимпиада өткізілді. Математика,физика, орыс тілі пәндері бойынша  288 оқушы мен студент қатысты. Соның 174-і – өзге облыстардан келген студентер. Бірінші деңгейде олимпиада арақашықтан оқыту түрінде, екінші этап Қостанай құрылыс колледжінде бірлескен түрде өтті. Оған  51 студент пен оқушы  қатысып,  әр пәннен 17 талапкерден қатысты. IMG_5470
Қатысушылар  білімін әділ қазылар алқасы бағалады.Олар – УрГУПС институтынан келген оқытушылар техника ғылымының кандидаты А. Давыдов, филология ғылымының кандидаты  жоғары білім деканы А. Селютин,  педогика ғылымының кандидаты ,математика және информатика кафедрасының доценті И.Медведев және Қостанай мемлекеттік педогикалық институтынан, Қостанай А.Байтүрсынов атындағы мемлекеттік университеттің аға оқытушылары. Талапкерлер пәндер бойынша диплом және мадақтама қағаздарымен марапатталды. соның ішінде  М.Хакимжанова атындағы № 20 мектептің  9- сынып оқушысы Дариға Идрисова  орыс тілінен олимпиадаға қатысып, сыннан сүрінбей өтті. IMG_5562Қостанай құрылыс колледжімен УрГУПС университетті   тығыз байланыста ол коллеждің алға қарай дамуына көп басылымдарға  мүмкіндіктер береді. Осы екі оқу орнының бір-бірімен тығыз байланысы – келешек жастарымыздың жарқын болашағы. Мұндай олимпиаданы дәстүоге ұластыру жоспарда бар.
 
А.Кушегалина,
Қостанай құрылыс колледжінің оқытушысы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓