Қостанайлық мұғалім зияткерлік бағдарламасына авторлық құқық алды

Информатика пәнінің мұғалімі Борис Зеленов мектепте қаржылық сауаттылықты дамыту курсын оқыту бағдарламасын жасап шығарды. Ол осы бірегей зияткерлік бағдарламасына авторлық куәлік алды.
Аталған курс Қазақстан Республикасының зияткерлік және жалпы білім беретін мектептерінің 8-10 сынып оқушыларына арналған. Бұл бағдарлама оқушыларға қаржылық сауаттылық пен жеке ақшаны басқаруды қалыптастыруға ықпал ететін практикалық есептерді шешу кезінде бағдарламалауды үйренуге, сондай-ақ мета-пәндік құзыреттіліктерді, алгоритмдік ойлауды, есептеу дағдыларын және цифрлық сауаттылықты дамытуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ оқушылар жеке қаржылық жоспар құруды, несиелер мен депозиттерді пайдалануды, есеп айырысу және кассалық операцияларды, сақтандыру және инвестициялар, зейнетақылар мен салықтар туралы да білетін болады.
– Ішкі зерттеулерге сәйкес курс әзірленген кезде Қазақстандағы қаржылық сауаттылық деңгейі 39,52 пайызға тең болған. Бұл қаржылық сауаттылықты мектеп кезінен дамыту керектігін көрсетеді, – дейді Қостанайдағы NIS-тің информатика пәні мұғалімі Борис Зеленов.
Бағдарламаның мазмұны информатика, математика, экономика және қауіпсіздік және өмір сүру негіздері сияқты пәндерді біріктіруге негізделген. Бағдарлама оқушылардың жобалау және зерттеу дағдыларын дамытуға бағытталған, оқу, анықтамалық әдебиеттермен өз бетінше жұмыс істеуді қарастырады, бұл сонымен қатар өзін-өзі оқыту және өзін-өзі реттеу дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓