Астан кейін

Биыл жазда Жанкелдин ауданына қарасты Қызбел елді мекенінде (Саға ауылдық округы) екі бірдей ас берілді. Жер аяғы кеңіп, қыстан аман-есен шыққан ел, түрлі тойларды былай қойғанда өткенін еске алу, бабаларға ас беру сияқ-ты ұмыт бола бастаған шараларды жаң-ғыртып жатады. Бұл әрине, осы бейбіт өмірді сыйлаған өткендерге тағзым ретін-де құптарлық іс. Сөйте тұра, әр елді мекенде өткен ас туралы баспасөз бетіне жазудың қажеттілігі қаншалықты деген қисынды сауал туады. Осы сұраққа жауап ретінде бұл екі астың да жастар үшін, келешек үшін тәр-биелік мәні, практикалық пайдасы  болғанын айта кетуді жөн көрдік.
асБірінші күнгі асты осы жердің төл тумасы, саналы өмірінің денін мұғалімдік қызметке арнаған, Ұлы Отан соғысының ардагері, ұлағатты ұстаз Әмір Әбдіхалықұлының 100 жасқа толуына орай оның балалары  ұйымдастырды. Ұстаздық қызметті сонау 1938 жылдан бастап зейнеттік демалысқа шыққанға дейін атқарған бұл кісінің алдынан осы уақыт аралығындағы ауыл балаларының барлығы дерлік өткенін,  танымал ел азаматтарының  дені сол кісіден дәріс алғанын айта кету керек.
Астың бағдарламасы бойынша алдымен ауылдағы Мадияр баба мешітінде аруақтарға  арналып құран бағышталды. Осыдан кейін көпшілік ауыл клубында  "Туған жердің кешегісі, бүгіні және ертеңі" атты тақырыпта өткен ғылыми-практикалық конференцияның куәсі болды. Мұндай ауқымды шараның ауыл деңгейінде өтпегені қашан?! Конференцияға қатынасушылар оны қалай қабылдар екен деген қобалжу да болмай қалған жоқ. Қуанышқа орай, бастапқыда бір сағатқа деп жоспарланған конференция бір жарым сағаттан астам уақытқа созылды, және ең бастысы, жиналған қонақтардың барлығы да ел, оның бірлігі, кешегісі, бүгінгісі, мектеп тарихы, мұғалімдер, Әмір Әбдіхалықұлы хақында баяндамаларды зор ықыласпен зейін қойып тыңдады. Конференцияның маңызы мен мағынасын оған қатысқан құрметті қонақтардың ішінде ағайынды Сайлау және Сәбит Байзақовтар сынды академиктердің болуы ғана емес, сонымен қатар олардың конференцияда туған жер, кешегі ел басына күн туып, "ерлер етігімен су кешкен" ауыр соғыс жылдары, соғыстан кейінгі қалпына келтіру уақыты, өздерінің сүйікті ұстаздары туралы тебірене сөйлеуі арттыра түсті. Конференцияда бұл кісілерден өзге баяндамашылар санатында құрметті зейнеткерлер Әбекеңнің оқушылары Айдарбек Көшеков, Өтеш Жүсіпов, Қарашаш Кәдірбекқызы, Мақсұт Бөтіріков (Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының аға оқытушысы), Қызбел өңірінде көп жылдар еңбек еткен ардагер ақсақал Рақымжан Бектұрғанов болды. Конференцияда сөз сөйлеу кезегі тимей қалған баяндамашылар да болды: Боранбаев Тарғын, Ахметова Мариям, Әбутәліп Әмір. Олардың баяндамаларының толық нұсқасы осы конференцияның барлық материалдарымен бірге Міржақып Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің "Наука" журналында басылатын болып шешілді. Сөз ретінде айта кететін бір жайт, конференцияға қатысушылардың ішінде Әмір Әбдіха-лықұлының алдынан дәріс алған шәкірттердің ең үлкені 84 жастағы Кәрім Әлмағанбетұлы ағамыз болса, ең кішілерінің өзі ер жасы елуді еңселеген Ғалымхан Сапарғалиұлы, осы шараға арнайы Алматыдан келген Еренғайып Байсарыұлы және Бәдиша Әмірқызы болатын. Конференцияның соңында қонақтарға Әмір Әбдіхалықұлы туралы ол кісінің шәкірттерінің, істес болған әріптес-терінің, туған-туыстарының, балаларының естеліктерінен тұратын "Ғибратты ғұмыр" деп аталатын кітап тарту ретінде таратылды. Жалпы, бірінші күнгі ас бағдарламасының мән-мағынасын арттыр-ған осы конференция болды деген пікірді оған қатысқандардың барлығы бірауыздан айтып жатты.
Бұдан кейін қонақтар  ауылдың Міржақып Дулатов атындағы орта мектебінің математика кабинетін тамашалады. Оның мәнісі мынада болатын. Әмір Әбдіхалық-ұлының балалары мен немерелері атал-ған мектептің математика кабинетін (Әбекеңнің математик екенін ескере отырып) күрделі жөндеуден өткізіп, кабинетті қажетті құралдармен жабдықтап берді және келешекте осы кабинеттің ғана емес, жалпы мектептің математика пәніне қатысты мәселесімен хабардар болып, мүмкіндігінше қол ұшын беріп тұруға уағдаласты.
Бұдан кейін қонақтарға ауыл кафесінде және алдын ала тігілген үлкен киіз үйде ас берілді.
Келесі күнгі ас Шымболат бабамызға арналған болатын. Бұл екі астың қатар келуінің себебін түсіну қиын емес: шақырылған қонақтардың жарым көпшілігі бір кісілер болатын. Сондықтан, олардың шалғайдағы ауылға бір жазда екі шақыру қисынсыз болатын еді.
Сонымен, екінші күн. Бұл күнгі шара арнайы Алматыға тапсырыс беріп жасат-қан Шымболат бабамызға арналған ескерткіш тасты ашумен басталды. Шақырылған қонақтар менің елім, жерім деп жеткен осы жердің тумалары көп болатын. Олар бір-бірімен қуана қауышып, қауқылдасып жатты.
Ескерткішті, (жалпы шараны) тынды-рылған істердің аумағы, оған ат салыс-қандар туралы Шымболат руының ақсақа-лы Кәрім Әлмағанбетұлы сөз сөйлеп ашты. Содан соң ел, жер тарихынан Айдарбек Көшеков ағамыз баяндама жасады.
Осыдан кейін көпшілік екіге бөлінді, бір бөлігі осы шараның құрметіне арнайы ұйымдастырылған күрес алаңына ойысса, екінші бөлігі концертті тамашалауды жөн көрді. Спорттық шаралар өте маз-мұнды да қызықты өтті. Осы айтылған шаралардың сыртында халықтан жиналған қордан қаражат бөлініп, оған мектептің кіреберіс ауласына текше тастардан (брусчатка) аяқ жол төселінді.
Жоғарыда айтылған жақсы істер мен қоса "былай жасағанда әлдеқалай болар еді" деген сауалдардың мазалайтыны да рас.
Екінші ас ел қаражатына ұйымдастырылған, арнайы комиссия құрылып жасалған іс шара.
Біздің ойымызша шараны ұйымдастыру барысында мынадай әттеген-айлар кеткен сияқты:
1) Біз мынадай ой ұсынып едік: шараның мән-мағынасын, тәрбиелік мәнін арт-тыратын ресми істердің тізімінде ғылыми-практикалық конференция болатын. Себебі, дастархан басында айтылған сөз бен ресми жағдайда, алдын ала даярлан-ған аудиторияда жасалған  баяндама-ның алшақтығы жер мен көктей, бұл біріншіден. Екіншіден, сөйлеушілердің алдын-ала ойластырылып, жүйелеп  келген сөздердің мазмұны жүректен – жүрекке тез жетер еді. Үшіншіден, Шымболат асына келген алыс ағайын саны көп болғандықтан, бұл сөздердің таралу аумағы кеңірек болар еді. Төртіншіден, осында сөз сөйлеген шешендердің барлығының сөздері баспасөз бетінде жарық көріп, жастарға, жеткіншек ұрпаққа, бұл аста болмаған ағайынға жету ықтималдығы арта түсер еді. Бесіншіден, сөз алушылар негізінен жекелеген адам турасында (Ә.Әбдіхалықов жайлы) емес, жалпы елді толғантатын мәселелер төңірегінде сөз қоз-ғаған жөн еді. Бірақ, ұсыныс еске-рілмеді.
2) Елден ерте кеткен ағайындарды, олардың балаларын ел алдына шығарып таныстырсақ, "сіз-дердің ата-бабаларыңыздың кіндік қаны тамған жер осы, ал мына жұрт сіздердің жақын бауырларыңыз" деген ойды алыстан келген әр қонаққа жеткізсек, ол кісілер шынымен бауыр тапқанына көздерін жеткізіп, Қызбелге бұдан гөрі разы болып, кетер еді.
3) Асқа қаржы жинау барысында елмен қыруар жұмыс жүргізілді, осының нәтижесінде қомақты қаражат (төрт миллионның үстінде) жиналды. Бұған әркім әр түрлі ат салысты: бір түтіннен бес мыңнан басталып кейбір азаматтар елу, жүз мыңға дейін ақша қосты. Осы қаражаттың қалай жұмсалғаны туралы жұрт алдында есеп беру керек еді.
4) Ас аяқталғаннан кейін орталық трибунада оның салтанатты жабылуын жасап, келген қонақтарға, осы шараны өткізуге ат салысқан үлкенді-кішілі ағайынға рахмет айтылып, шараның өз мақсатына жеткен-жетпегені турасында көптің пікірін тыңдаған да дұрыс болатын еді. 
5) Ақыр аяғында, шараны ұйымдастыруға белсене ат салысқан, дәлірек айт-қанда, асты өткізу туралы ойды алғаш оятқан, көпшілікке арнау-жүгініс жазып таратып, үлкендерден рұқсатын алып, Астана, Арқалыққа барып жігіттермен кездесу өткізген, астың өтетін уақытын, істелетін жұмыстардың жоспарын жасауға ат салысқан адамның, сонымен бірге болашақ ескерткіштің бірнеше эскизін жасап ақыры ең тиімдісін таңдап берген оның сыртында өз жанынан 100000 (жүз мың) теңге қосқан Айбат Ғазезұлы сияқты азаматтардың  ұйымдастыру комитетінің тізімінде болмағаны өкінішті.
Біз тарапынан айтылған ескертпелермен біреу келісер, біреу келіспес. Еліміз аман болсын, туған жердің көркеюіне қолымыздан келгенше ат салысайық! Біздің барымыз да,базарымыз да ЕЛ екенін ұмытпайық ағайын!!!
Әбутәліп Әмір.
Қостанай қаласы.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓