Түскен табыс – 140 миллион теңге
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының деректері бойынша жыл басынан бері Қазақстанның мамандандырылған ХҚКО-лары арқылы 4 миллиард 385 миллион теңге сомасына жоғары сұраныстағы 15 320 мемлекеттік нөмір ресімделді. Ерекше нөмірлердің көпшілігін алматылықтар (5 053), шымкенттіктер (2 371) және елорда тұрғындары (1 757 адам) қызығушылығын танытқан.
Қостанай облысына келетін болсақ, жергілікті автокөлік иелері жалпы сомасы 138 746 943 теңгеге жоғары сұраныстағы 525 нөмір рәсімдеген.
«Өткен жылмен салыстырғанда мемлекеттік нөмір жиі сатылуда, – деп атап өтті Мемлекеттік корпорацияның облыстық филиалының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау басқармасының басшысы Сағадат Бектұров. – 2020 жылы 12 айда қостанайлықтар жоғары сұранысқа ие 396 нөмірді сатып алды. Олардың құны 98 545 361 теңгені құрады. Мысалы, 010, 020, 030 немесе 707 сияқты сандардың комбинациясы шамамен 166 мың теңге тұрады. Егер цифрларға XXX, YYY немесе MMM сияқты әріптердің тіркесімі қосылса, құны 332,5 мың теңгеге дейін артады. 100, 111, 900 немесе 999 сияқты сандардың комбинациясы 400 мың теңгеден сәл аз тұрады. Бірдей әріптердің үйлесімімен бірге құны 566 мың теңгеге дейін өседі».
Мемлекеттік өлшемдердегі ең қымбат сандар 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 XXX, YYY, MMM және AAA әріптерінің тіркесімімен бірге. Мұндай VIP нөмірлер 831,3 мың теңге тұрады.
Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин сатып алуға болатын ерекше автокөлік нөмірлерінің тізімін кеңейтуді ұсынды.