Тәуелсіздікпен тел өскен…
Қаныбек ӘЛИ: Тәуелсіздік – қастерлі ұғым
Қаныбек 1991 жылы Жангелдин ауданының Тәуіш ауылында дүниеге келген. Бүгінде Қарабалық ауданының Мәдениет үйінің директоры болып қызмет етеді. Қазіргі таңда өңірдің өнерсүйер қауымы Қаныбекті дарынды әнші, талантты термеші, "Қассақ" дуетінің мүшесі ретінде жақсы таниды. Елдің тәуелсіздігімен бірге ержеткен өнерпаздың осы күнге дейін бағындырған белестері аз емес. Талай облыстық, аймақтық ән додаларында топ жарды. "Теңіздің дәмін тамшыдан біл" демекші, таяуда ғана Алтын орданың 750, Меңдіқара ауданының 90 жылдығына арналған облыстық термешілер байқауында жеңімпаздар қатарынан көрінгенін айтсақ та жетіп жатыр. Ол айтқан әндер әлеуметтік желілерді шарлап жүр. Бір сөзбен айтқанда, болашағынан зор үміт күттірер сайдың тасындай азаматтың бірі. Елгезектігімен ел назарына түскен сері жігіт өзін нағыз патриотпын деп санайды.
"Тәуелсіздік – мен үшін қастерлі ұғым. Оның мәңгі асқақ болуы біз секілді жастардың қолында. Ол үшін біз жанымызға өнер мен білімді серік етіп, бойымызда рух пен намыс жалын атып тұруы тиіс. Елдің өркендеуіне үлес қосуды көксейтін азаматтың бірі ретінде егемендік алдындағы жауапкершілігімді жақсы түсінемін. Азаттық пен қазақтықты мақтан ететінімнің бір дәлелі – мен құрамында өнер көрсететін "Қассақ" тобының ән қоржынын патриоттық туындылармен ғана толтыруды мақсат етіп келеміз. "Тәулесіздіктің құрдастары қандай?" дегенде ұялмай еңсесін тік ұстайтын азамат болуға міндеттіміз деп ұғамын", – дейді Қаныбек.
Ол қызметін де, өнерін де іркілтіп алмай, абыорймен өрге сүйреп келеді. Бұл – белсенділігінің айғағы. Даму даңғылына түскен, ұдайы алға басуды мақсат тұтқан мемлекетіміздің құрдастарының сипаты осындай!

Есбол ЖАТҚАНОВ: Азаттық – Алаштың алтын тәжі
Ел егемендігінің елең-алаң шағында дүние есігін ашқан азаматтардың бірі, Тәуелсіздік құрдасы – Есбол Жатқанов. Еркіндікте есейіп, мемлекетпен бірге мерейі өскен Есбол бүгінде қостанайлық жастар қауымының алғы шебінен көрініп жүр. Оның бүгінде жеке кәсібі бар, облыстағы ол жетекшілік ететін бірегей "Креативті-медиалық орталық" көп уақыттан бері жергілікті жұртқа қызмет етіп келеді. Сондай-ақ Есбол болашағынан зор үміт күттіретін жас режиссер. Былтыр "Кім кінәлі?" атты фильмімен көрермендердің ыстық ықыласына бөленген болатын. Қоғамдық іске үнемі жең түре араласатын белсенді, елгезек азаматтың еңбегі еленіп, Ғани Мұратбаев атындағы республикалық жастар сыйлығының лауреаты атанған. Облыстық бірнеше марапаттың иегері екенін де айта кету керек. Тәуелсіздік құрдасынан еркіндік ұғымы туралы сұрағанымызда ерекше тебіренді.
"Азаттық – алаштың алтын тәжі! Оның қадір-қасиетіне жете білу – айнымас борышымыз. Әйтпесе, біздің Тәуелсіздік өзімізден басқа ешкімге құнды, қажетті емес. Кешегі өткен бабалардың, есіл ерлердің, аяулы тұлғалардың аманатын көздің қарашығындай сақтауымыз керек. Жүректе рух, білекте күш, ойда білім, бойда өнер, ауызда бірлік болса, біз алмайтын белес жоқ деп ойлаймын. "Ел маған не береді?" деп емес, "мен еліме не беремін?" деп толғанатын текті ұлттың лайықты ұрпағы бола білейік, көк туымызды төбемізге тұтып жүрейік дегім келеді", – дейді Есбол.
Айта кетейік, Есбол биыл "Еріктілер жылына" да үлес қосқан адам. Өз алдыма кәсібім қызметім бар демей, бірлікті іске білек сыбана кірісіп, ел иығына түскен ауыртпалықты көтерісуге таза пейілімен ат салысты. Жалпы, ол қоғамдық іске қай кезде де үн қосып жүреді.

«Тәуелсіз елдің ұрпақтары» деген алтын теңеуге ие болған жастардың тағы бір жарқын өкілдерімен таныс болыңыздар. Олар – Аманкелді ауданында тұратын Дәурен мен Әйгерім. Екеуі бір жылы өмірге келіп, бір мектепте, бір сыныпта білім алған. Бүгінде аудан орталығындағы үлгілі жас отбасылардың біріне айналып отыр.
«1991 жылы қазақ халқына шуақты болған таңмен қатар біз де өмірге келген екенбіз. Тәуелсіздік біз үшін ата-бабаларымыздың бостандыққа ұмтылған арманы мен қайсар күшінің жемісі деп білеміз. Бейбітшілік заманда еш алаңсыз ғұмыр кешіп жатырмыз. 2009 жылы мектеп бітірген соң мемлекеттік грантқа екеуміз де оқуға түстік. Дәурен Астана қаласындағы С.Сейфуллин атындағы агро-техникалық университеттің «Жылу энергетика» мамандығына, ал мен болсам Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының «Биология» мамандығына қабылдандым. Осылайша біздің болашаққа деген арманымыз орындалып, әрқайсысымыз өз саламыздан табылып, білім алуға құлаш ұрдық. Оқу бітірген соң туған жерге оралып, еңбек жолын бастадық. Дәурен Аманкелді ауданының әкімшілігінде, мен Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепте ұстаздық жолды бастап кеттім. Осылайша, екеуміз де ауылды гүлдендіреміз деп, туған жерді түлетуге кірістік. 2016 жылы шаңырақ көтердік. Алла берген Нұрайлым және Аяжан есімді балапандарымыз бар. Тәуелсіздіктің құрдасы болу да бір бақыт. Отанымыздың даңқын асыру – біздің міндетіміз. Тәуелсіздіктің ақ таңында туып-өскен біз үшін бұл үлкен қуаныш, ұлы мереке. Еліміз әрқашан тыныш, аспанымыз ашық болғай», – дейді жас отбасының иелері Дәурен мен Әйгерім.
Біз де Тәуелсіз елімізде осындай жігерлі, айбынды жастарымыз көп болсын, бақытты отбасын құрып, шаңырақтарында тек бақытты ұрпақ өсіп-жетілсін дегіміз келеді..