“Корей көпірі” жартылай ашылды
Бүгін Қостанай қаласында Тобыл өзені арқылы өтетін «Кәріс көпірінің» бір жақ бөлігі пайдалануға берілді. Өңір басшысы Архимед Мұхамбетов көпірдің құрылысымен арнайы барып танысты. Бұл туралы Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Әзірге тек жолдың бір жолағы ғана ашылды. 1 желтоқсаннан бастап, қос кең жолақты көпір тұтастай қолданысқа беріледі. Бүгінде барлық негізгі жұмыс түрлері аяқталды және сынақтардан сәтті өтті.






Заречный ауылы мен Тобыл қаласының тұрғындары және облыс орталығы арқылы өтетін жүретін көлік иелері еліміздің орталық аймағына тезірек жетуге мүмкіндік алды.
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев