Аспаздық – үлкен өнер

Бүгін халықаралық аспаздар күні! Осынау кәсіби мерекелерін атап өтіп отырған жандардың бірі – ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының аспазы Мейрамкүл Халықова туралы бірер ауыз сөз қозғамақпыз.Ас пісіруді мамандығына емес, өмірлік сүйікті ісіне айналдырған жандар бар. Кейде жақсы аспазды "сиқыршыға" теңеп жатады, өйткені солар ғана қарапайым азық-түліктен тілдің дәмін үйіретін балдай тағамдар жасай алады. Сондай ерекше аспаздардың бірі Мейрамкүл Мұратқызы деуге болады. 38 жылдық еңбек өтілі бар Мейрамкүл саналы ғұмырын осы мамандыққа арнаған десе болады.Ол 1984-2007 жылдар аралығында Қостанай облыстық ауруханасында бас аспаз болып еңбек етті. Бұдан соң Мейрамкүл аталған оқу ордасына жұмыс істеуге келді. Қазіргі таңда тағамдар ассортиментін түзу, курсанттар мен тыңдаушылардың күн сайынғы мәзірін құру осы кәнігі аспаптың міндетінде. Ас дайындау технологиясын және жұмысшылардың санитарлық талаптарды және гигиеналық ережелерді сақтауын ұдайы қадағалап отырады.
Жетекшінің табысты жұмысының кепілі – оның командасы екені сөзсіз. Мейрамкүл Мұратқызының қол астында үлкен кәсіби тәжірибесі бар тоғыз адамнан құрылған ұйымшыл ұжым жұмыс істейді. Аспаз қызметі үлкен физикалық төзімділік пен жауапкершілікті қажет ететіні белгілі. Академияда курсанттар тіршілігі 6.30-да басталса, аспаздар таңғы 4.00-де жұмысқа кіріседі, сондықтар олар екі ауысыммен жұмыс істейді. Ыстық пештің басында тапжылмай тұрып толық бір күн жұмыс істеу кім-кімге де оңай емес. Күн сайын 400-дей адамды тамақтандыру табанды еңбекті, тәжірибе мен кәсіби шеберлікті қажет ететіні даусыз."Аспаз деген – қасаң рецептпен тағам дайындайтын адам ғана емес, ол өз жұмысын жақсы көріп, содан ләззат алатын жан, – дейді Мейрамкүлдің өзі. – Бізге айтылған алғыс – еңбегіміздің өтеуі секілді естіледі. Курсанттар біз үшін балаларымыз сынды. Өзім де бала тәрбиелеген анамын, бүгінде жеті немере сүйіп отырмын. Өз туысқандарымды үнемі керемет тағамдарыммен, кулинарлық өнімдеріммен және, әрине, ұлттық тағамдарымызбен қуантып отырамын"Мейрамкүл ханымды ұжымымен және барлық аспаз мамандарды кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз!

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓