Күн дерегі: жұқтырғандар саны – 117
19 қазанда Қостанай облысында коронавирус 117 адамнан табылды.
Атап айтқанда: Қостанай қ. – 46, Рудный қ. – 18, Әулиекөл және Қостанай аудандарында – 10, Жітіқара және Лисаков қалаларында – 7, Денисов және Қарасу аудандарында – 5, Қамысты ауданы – 3, Алтынсарин, Қарабалық және Б.Майлин аудандарында 2 адамнан жұқтырған, .
104 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде, 12 адам коронавирустық инфекцияның нақтыланған жағдайлармен байланыста болған, 1 жағдай профилактикалық мақсатта ауруханаға жатқызу алдында тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 111 адамда ауру белгілері болды, 6 адамға симптомсыз түрі тән.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 2021 жылғы 19 қазан аралығында COVID-19-ды 35 386 адам жұқтырған. Емделіп шыққан адамдардың саны – 31 360.
Осы жылдың 1 ақпанынан бастап бірінші компонентпен 324 269 адам, екінші компонентпен 300 605 адам вакциналанды.