24 209 тұрғынға қызмет көрсетілді

ҚР Бас прокуратурасының бастамасымен 2013 жылдың наурыз айында «Ақпараттық сервис» электрондық жобасы жүзеге асырыла бастаған болатын. Жоба аясында  азаматтардың ішкі істер қызметі қабылдаған өтініштерді бақылау көзделген. Сонымен қатар, құқық қорғау органдарына сенімділікті арттыруы тиіс.
«Ақпараттық сервистің» электронды адресі www.service.pravstat.kz. Осы сайт арқылы азаматтар берген өтініштері бойынша қандай шешім қабылданғанын біле алады.tumblr_nndhf9I5cP1tv6ynso10_r1_1280
Ескертпе талондарда «Ақпараттық сервистің» электрондық адресі көрсетілген. Берілген талонның 15 таңбалы нөмірін  теру арқылы берілген өтініштің шешімімен толықтай біліп алуға әбден болады. Бұл үшін көп уақытыңыз да кетпейді. Онда өтініш беруші полиция мен ішкі істер қызметінің жұмыстары сенімді екеніне өз бағасын береді. Сервистік қызмет 24 209 тұрғынға көрсетілді.
 
Айтолқын Қапан

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓