9 адамды шығынға батырған

Рудный қаласының тоғыз тұрғынын сан соқтырып кеткен алаяқ ұсталды. Ер адам жәбірленушілердің сеніміне кіріп, олардың 6 млн теңгеден астам қаржысын қолды еткен. 
Рудный полицейлері жедел тергеу іс-шаралары барысында күдіктіні Нұр-Сұлтан қаласында құрықтады. 
"Тәртіп сақшылары 25 жастағы рудныйлық туыстары мен таныстарының сеніміне кіріп, оларға несие рәсімдеуге бірнеше рет өтініш жасаған. Ол қарыз ақшаны таяу арада қайтарып беретінін айтады. Алаяқ онлайн-казинода шоты бар екенін, бірақ картасының бұғатталуы кесірінен тиесілі ақшасын ала алмай отырғанын алға тартып, оп-оңай алдаған", – дейді облыстық ПД бастығының орынбасары Дүйсеньай Байбосынов.
Осы амалмен ол 9 тұрғынға 400 мыңнан 2,5 млн теңгеге дейін несие алдырған. Бұдан соң елордаға тайып тұрыпты. Полицейлер күдіктіге іздеу жариялады.
Қазір ҚР ҚК 190-бабының 3-тармағы ("Алаяқтық") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қылмыскер мүліктері тәркілене отырып, 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін  
Ол қазір Рудный қаласындағы уақытша қамау мекемесінде.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓