Денсаулық – зор байлық
Рудныйлық салауатты өмір салты бөлімі өткен жылдың қорытындысына арналған баспасөз конференциясын ұйымдастырды.

-Денсаулық – адамның басты байлығы. Сондықтан біз алдағы уақытта да темекі тарту, ішімдік пен нашақорлықтың алдын алып, гепатит, туберкулез, рак сияқты әлеуметтік мәні зор ауруларға қарсы бағытталған жұмысын жалғастырмақ. Сондай-ақ бөлім мамандары жастардың арасында түрлі тренинг-ойындар, дөңгелек үстелдер мен кездесулер ұйымдастырып, салауатты өмір салтын белсенді насихаттайтын болады, – дейді Светлана Сергеевна.