“Тобыл” Түркияға аттанды

«Тобыл» футбол клубы Қостанай-Мәскеу-Анталия бағытымен екінші оқу-жаттығу жиынына аттанды. 13-ші ақпанға дейін Түркия елінде дайындықтарын пысықтамақ.56ac538a39b8f
Қостанайлық команада оқу-жаттығу жиынына 26 футболшыны шақырып отыр. Олар: Рафкат Аслан, Султан Бусурманов, Дмитрий Мирошниченко, Иван Садовничий, Сергей Яворский, Виктор Дмитренко, Фернандо Кассай, Нуртас Кургулин, Олжас Ильясов, Альмир Мухутдинов, Данил Цой, Темирлан Эльмурзаев, Артурас Жулпа, Нұрбол Жұмасқалиев, Ануар Агайсин, Иоан Деак, Алассане Н’Дияе, Томаш Шимкович, Рауль Джалилов, Тимур Досмағамбетов, Игорь Бугаев, Кирилл Короткевич.
Сондай-ақ, жарақатынан айығып келе жатқан Александр Петухов Түркияға сәл кідіріп барады.
Қостанайлық команда бес жолдастық кездесу жоспарлап отыр. 2 ақпан күні Днепродзержинск қаласының «Стали» клубына және 5-ақпан «Варда» (Кишварда, Венгрия) командасына қарсы ойын өткізеді. 8-ақпан сербиялық «Воеводиной», 10-ақпан «Слобода» (Тузла, Босния және Герцеговина) футбол командасымен ойнайды. Оқу-жаттығу жиыны 12 ақпан күні өтетін Болгарияның «Славей» командасына қарсы ойынмен қорытындыланады.  
 
Кенже Қонысбай

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓