Облыс әкімі оңалту орталығында
Бүгін облыс әкімі А.Мұхамбетов Қостанай қаласындағы «BAQYT» нейрореабилитациялық орталығына барды.Ересектерге арналған жаңа нейрореабилитациялық орталық тәуліктік стационар неврология және нейрохирургия бағыттары бойынша пациенттер үшін 36 орынға есептелген. Мұнда инсульттан, омыртқааралық грыжаларды алып тастау операцияларынан, миға жасалған операциялардан, спиноздан кейінгі жағдайлардан және т. б. науқастар дәрігерлердің көмегін алады.Бүгінде Қостанай облысында 2,5 мыңнан астам тұрғын осы нозология бойынша оңалтуға мұқтаж. 36 орынның 22-сі МӘМС аясында жұмыс істеуге бөлінген. Жобалық қуаттылығы айына 72 пациентті құрайды.
Жобаға 150 млн теңге жеке инвестициялар жұмсалды, 14 жаңа жұмыс орны құрылды.
Пациенттерді және емдеу шараларын тіркеу үшін ақпараттық жүйе қолданылады.
Медициналық орталықта пациенттердің еңбекке қабілеттілігі мен денсаулығын қалпына келтіру бойынша медициналық, психологиялық, педагогикалық және кәсіптік шаралар кешені жүргізіледі.