Егіс жұмыстары аяқталып қалды
Көктемгі дала жұмыстары аяқталуға жақын. Мамыр айының соңғы күндері басталған егіс науқаны енді бірер күнде толық бітеді. Облыс әкімі Нұралы Садуақасов Алтынсарин және Сарыкөл аудандарының егіс алқаптарын аралап, дала қосында ауылшаруашылық тауар өндірушілермен кездесті. Бұл екі ауданда науқандық жұмыстар күні бүгін 60 процентке орындалды. Диқандар егісті 10 маусымда аяқтауы үшін тәулік бойы жұмыс істейді. Сол арқылы мемлекеттік субсидияға қол жеткізуді мақсат етіп отыр. Өйткені, егіс науқанын межелі уақытта аяқтаған шаруаларға ғана демеуқаржы төленеді. Мұны облыс әкімі Н.Садуақасов та атап өтті. Аймақ басшысы ауылшаруашылық тауар өндірушілердің алдында тұрған жұмыс ауқымдылығына баса назар аударды. Қазір әр сағатты тиімді пайдаланатын уақыт деді әкім.
-10 маусымға дейін тұқым сеуіпр үлгере алмағандар белгілі бір қиындықтарға тап болуы мүмкін. Өйткені, Сондықтан, уақытты бағалай білу керек. Егіс науқаны аяқталысымен бірден егін орағына жұмыстарына әзірлену қажет.Техника әзірлігі, астық кептіргіштерді, қоймаларды бүгіннен бастап ретке келтіре берген жөн.
Биыл облыста егіс жұмыстары кеш басталды. Егер оңтүстік аудандарда науқанды аяқтаса, солтүстік-шығыс өңірлер тұқым себуді 60-65 процентке ғана орындады. Оған себеп те жоқ емес. Биыл жылдағыдан көп ылғал түсті. Осыған дейін облыстық он үш ауданын аралап шығып, науқандық жұмыстарды өз көзімен көрген аймақ басшысы өз ойын былай өрбітті:
-Бүгінге текті әлі тұқым себілмеген 1 млн.100 гектар алқап қалып отыр..Оның сыртында 100 мың гектарға жуық майлы дақылдар себу қажет. Өздеріңізге белгілі, биыл өңірлерге ылғал шамадан тыс мол түсті. Оның мөлшері әр жерде әр түрлі. Кей өңірлерде жайын 2,5-3 айдан бастап 5 айлық нормаға сәйкес болса, ішінара шаруашылықтарда 2-3 жылдық ылғал бар. Қазір диқандар дала қосында күндіз-түні жұмыс істеуге мәжбүр. Бірақ, сонда да жылдағы межеге жете алмай тұрмыз. Әзірге әдеттегі 320-330 мың алқаптың орынына 280-310 мың гектарға ғана тұқым себілуде. Осыған дейін бірқатар аудандарды аралап шықтым.Жағдайды көзбен көрдік.Енді қолдан келгенше ауылшаруашылық тауар өндірушілерді қолдап, жағдайды жан-жақты саралап тиісті қорытынды шығаруымыз керек. Мал шаруашылығындағы жағдай бөлек. Олар тіпті мал-азығына қажетті арпа, сұлы, тары, бір жылдық шөптерді 9-10 маусымнан кейін де еге алады.Биыл шөп мол шықты. Яғни, уақытты босқа кетірмей, жем-шөптің екі-үш жылдық қорын жасап алуға мүмкіндік бар.
Облыс әкімі жалпы, өңір диқандарының жұмысына оң баға берді. Ендігі қалған міндет, егістікті түрлі зиянкестерден аман сақтау болып отыр. Яғни, арам-шөп, шегірткеге қарсы күресті күшейтіп, тиісті шараларды қолға алған жөн.
Айбек КӘДІРҰЛЫ
Суреттерді түсірген Василий Васильев