Эпидахуал: +101
5 қазанда Қостанай облысында коронавирус 101 адамнан табылды.
Атап айтқанда: Қостанай қ. – 40, Рудный қаласы және Мендықара ауданында – 10, Қостанай ауданы – 9, Жітіқара қаласы және Б.Майлин ауданында 7– ден, Әулиекөл, Денисов аудандарында және Лисаков қаласында – 6, Алтынсарин ауданы – 2.
89 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде, 11 адам коронавирус расталған науқастармен байланыста болған күдіктілер ретінде, 1 жағдай профилактикалық мақсатта ауруханаға жатқызу алдында тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 96 адамда ауру белгілері болды, 5 адамға симптомсыз түрі тән.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 2021 жылғы 5 қазан аралығында COVID-19-ды 33 963 адам жұқтырған. Емделіп шыққан адамдардың саны – 29 898.
Осы жылдың 1 ақпанынан бастап бірінші компонентпен 319 558 адам, екінші компонентпен 292 227 адам вакциналанды.