Ардагерлер үйі өртенді
Қарабалық ауданында Ардагерлер үйі өртенді. Бұл туралы "Айньюс" газетінің Instagram-аккаунтында хабарланды.Басылымның хабарлауынша, ардагерлер мен мүгедектер үйінің тәрбиеленушілері "Жас талап" мектеп жанындағы интернатына орналастырылады. Ерекше күтімді қажет ететіндер — аудандық ауруханаға.
Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметінен әзірге ешқандай ақпарат түскен жоқ.