Байқау бақ сынауға шақырады

БАҚ өкілдері назарына! Дәстүрлі «Мемлекеттік тіл және БАҚ»
республикалық конкурсын өткізу қағидалары.
1. Жалпы ережелер
 
  1. Осы «Мемлекеттік тіл және БАҚ»республикалық конкурсының
    (бұдан әрі – Конкурс) қағидалары (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай іс-шараларды өткізу мақсатында әзірленген.
2. Конкурсты өткізудің мақсаты:
– мемлекеттік тіл мәселесіне қоғамның назарын аударту;
– мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау;
– тіл мәселелерін жариялап жүрген журналистердің мақалалары, бағдарламалары арқылы отандастарымыздың санасын жаңғырту;
– қазақтілді контентті арттыру және мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту.
3. Конкурс төрт номинациядан тұрады:
1) «Үздік мақала»;
2) «Үздік телебағдарлама»;
3) «Үздік радиобағдарлама»;
4) «Үздік сайт мақаласы».
4.Конкурсқа мемлекеттік тілдегі контентті арттыруға, соның ішінде қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қоғамдық өмірдің барлық саласына енуі үшін еліміздің бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік тілді дамыту, насихаттау, оның қолданыс аясын арттыру бойынша республикалық, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында аналитикалық талдаулар мен ғылыми зерттеулер, проблемалар мен олардың шешу жолдарын көрсеткен материалдарды жариялаған кәсіби журналистер (штаттық және штаттан тыс), теле-радио, газет, сайт ұжымдары, журналистика және филология факультеттерінің ғалымдары қатыса алады. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығының мерекеленуіне орай материалдар «Тәуелсіз елдің тілі» тақырыбына арналуы тиіс. Сондай-ақ қазақша сөйлеуді ұлттық брендке айналдырудың жолын көрсете алған журналистердің шеберліктері анық танылуы қажет.
5. Конкурс материалдарын бағалау критерийлері:
– тақырыпқа сәйкестік;
– қамтылған ақпараттың нақтылығы мен шынайылығы;
– мәселені талдау тереңдігі;
– материалды жеткізу шеберлігі.
Конкурсқа қатысушы үміткерлердің конкурсқа ұсынған материалдары олардың кәсіби біліктерін, мультимедиалық сторителлинг және заманауи медиа қабілеттерін, мемлекеттік тілді дамытудың заманауи моделін тұтас қоғамға және әрбір жеке оқырманға аша алуы қажет. Конкурсқа ұсынылатын материалдардың авторларының заманауи кәсібиленуі, оның ішінде дата-журналистік қабілеттері де (сапамен де, санмен де жұмыс жасау қабілеті) қаперге алынады.
Коммуникативтік ресурстарды орынды қолданып, заманауи медиатехнологияларды дәстүрлі журналистика құралдарымен кіріктіре отырып,  мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау, сол арқылы мемлекеттік тілдің қызметі, даму жолдары мен мемлекеттік тіл саясатының түрлі қырларын, өзекті мәселелерін сапалы, сенімді және нәтижелі түрде баяндау – басты талап.
Конкурсқа қатысушылардың қазақтілді контентті қарқынды дамытудың заманауи жолдары мен инновациялық шешімдерін көрсете білуі маңызды. Әлеуметтік ортада, мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің нық орнығып, еркін қолданылуында кездесетін кедергілерді айқындай отырып, негізді шешімдер ұсыну шеберліктеріне мән беріледі. Сондай-ақ мемлекеттік тілді дамыту бойынша ғылыми, әдістемелік, зерделеу, ізденістік мақалалар назарға алынады.
6. Алдыңғы конкурстардағы бас жүлдемен марапатталған жеңімпаздар Конкурсқа қатыстырылмайды.
 
2. Конкурсты ұйымдастыру тәртібі
 
7. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 
Тіл саясаты комитеті Конкурстың ұйымдастырушысы болып табылады.
8. Конкурсты өткізу туралы хабарландыру 2021 жылдың 2-тоқсанында бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылады.
9. Конкурсқа қатысу үшін Конкурс Қағидасының 3-тармағында көрсетілген төрт номинацияның біреуі бойынша өтінім (қол қойылған, сканерлеген) til.baq@tilqazyna.kz электрондық поштасына «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Тіл саясаты комитеті, «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық конкурсына» деген белгімен     2021 жылғы 1 қарашаға дейін мынадай құжаттармен бірге жолдануы тиіс:
1) өтінім (осы Қағиданың қосымшасына сәйкес нысан бойынша);
2) 2020 жылғы 10 маусым мен 2021 жылғы 31 қазан аралығында бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көрген екі материалды, соның ішінде радио және телебағдарламаларды, мемлекеттік тілдегі сайттардағы және мерзімдік баспасөздегі жарияланған мақалаларды;
3) жарияланған мақалалардың «Word» форматындағы электрондық нұсқалары, скриншоттары (газет-журналдар, сайттар), бағдарламалардың жазбасы;
10. Конкурс Қағидасының 9-тармағында көрсетілген мерзімнен кейін ұсынылған өтінім конкурсқа қатыстырылмайды.
11. Конкурсқа ұсынылған материалдар кері қайтарылмайды.
 
3. Қорытынды ережелер
 
            12.Конкурсқа қатысушылардың жұмысын бағалау және жеңімпаздарды анықтау үшін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамы тіл мен әдебиет, журналистика салаларының білікті мамандарынан, ғалымдардан, зиялы қауым өкілдерінен кемінде бес адамнан тұрады. Қазылар алқасының құрамы төрағадан және оның мүшелерінен тұрады. Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері қазылар алқасының ашық дауыс беру қорытындысы бойынша анықталады. Қазылар алқасы мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда, төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады. Қазылар алқасы мүшелері Конкурсқа қатысушылардан түскен материалдар негізінде дауыс беру арқылы Конкурстың төрт номинациясы бойынша жеңімпаздарды анықтайды. Қазылар алқасының шешімі хаттама түрінде ресімделіп, қазылар алқасының барлық мүшелері қол қояды. Қазылар алқасының шешімі хаттама түрінде ресімделіп, қазылар алқасының барлық құрамы қол қояды. Конкурстың марапаттау рәсімі салтанатты түрде өткізіледі.
13. Байқау жеңімпаздары ұйымдастырушы бекіткен жүлде қоры мөлшерінде арнайы дипломдармен және сыйлықтармен марапатталады.
14. Конкурстың жеңімпаздары туралы ақпарат Конкурс біткеннен кейінгі 10 жұмыс күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылады.
Байланыс телефондары: 8 (7172) 27-71-33, 74-14-97, 74-09-85.
 
 
                                                                                             «Мемлекеттік тіл және БАҚ»
республикалық конкурсын өткізу
қағидаларына қосымша
 
 
«Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық
конкурсына қатысу үшін өтінім
 
 
  1. Т.А.Ә. _______________________________________________________
 
  1. Жасы ________________________________________________________
 
  1. Білімі____________________________________________________
 
  1. Қызметі__________________________________________________
 
  1. Мекенжайы______________________________________________
 
  1. Байланыс телефондары_________________________________________
 
  1. Мақала, бағдарлама, БАҚ атауы, жарияланған күні:
1)  _____________________________________________________________
2)  ______________________________________________________________
 
  1. Қосымша ақпарат __________________________________________
 
                                                                                                                 Қолы
 
                                                                                                                 Күні

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓