Әлеуметті әуреге салған

Бұл оқиға рудныйлықтардың есінде жақсылап сақталды. Осы жылдың 4 қыркүйегінде үлкен бір үйдің тұрғындарының жылы ошағынан безуіне "жалған ақпарат" себепші болған еді.мал
Рудный қаласының Ленин көшесіндегі №70 үй тұрғындары әбден әбігерге түсті. 5 қыркүйек күні оларға тоғыз қабатты үйде "жарылғыш зат" іздестіріліп жатқаны айтылған-тын. Айыпкер өз қолымен жеделсаты қабырғасына маркермен мына сөздерді баттастырып жазып кеткен: "Сендер 5 қыркүйекте түнде өлесіңдер", "осы үйде бомба жарылады". Үрейі ұшқан үй иелері мамандар "жарылғыш затты" іздеп жатқан уақытта, яғни екі тәулік бойы пәтерлерінде болған жоқ. 
Кейінірек қана бұның жалған ақпарат екені анықталып, күдікті қолға түсті. Ол Ерлан Ақмырзаев атты қала тұрғыны болып шықты. Сотқа дейінгі тергеу барысында прокурор мен айыпталушы арасында процессуалды келісім қабылданған еді.
Бүгін Ақмырзаевқа үкім шығарылды. Ол 2 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасы жалпы тәртіптегі колонияда өтелмек. Мұның сыртында, сотталушы жалған хабарлама бойынша әуреге түскен қызметтерге 3 млн теңге көлеміндегі материалдық шығын өндіріледі.
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓