Эпидахуал: 107 адам жұқтырды

3 қазанда Қостанай облысында коронавирус 107 адамнан табылды.
Атап айтқанда: Қостанай қ. – 43, Рудный қ. – 14, Қостанай ауданы – 10, Б.Майлин ауданында – 8, Денисов және Мендықара аудандарында 7 – ден, Қарабалық ауданы – 4, Лисаков қаласы, Алтынсарин және Әулиекөл аудандарында – 3, Қарасу және Сарыкөл аудандарында 2 – ден, Ұзынкөл ауданында – 1.
95 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде, 11 адам коронавирус расталған науқастармен байланыста болған күдіктілер ретінде, 1 жағдай профилактикалық мақсатта ауруханаға жатқызу алдында тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 99 адамда ауру белгілері болды, 8 адамға симптомсыз түрі тән.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 2021 жылғы 3 қазан аралығында COVID-19-ды 33 758 адам жұқтырған. Емделіп шыққан адамдардың саны – 29 708.
Осы жылдың 1 ақпанынан бастап бірінші компонентпен 318 801 адам, екінші компонентпен 290 371 адам вакциналанды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓