Жәрмеңкеге бардыңыз ба?

Жәрмеңкеге облысымыздың барлық аудандары мен қалаларынның жұмыспен қамту органдары, мекемелер, кәсіпорындар, банк құрылымдары, мемлекеттік органдар және басқа да кадрға тапшы жұмыс берушілер
қатысып, екі мыңға жуық бос жұмыс орындарын ұсынды. – Әдетте студент жастарымыздың жоғары оқу орындарын бітіретін мезгіліне орай бос орындар жәрмеңкесін жылдың сәуір немесе мамыр айларында өткізетін едік, енді алдағы уақытта жаңа оқу жылы басталғанда ұйымдастыратын боламыз. Неге десеңіз, ЖОО бітіруші жас маман мамандығына орай жәрмеңке кезінде жұмыс орнын тауып, жұмыс берушімен келісіп, кәсіпорында немесе мекемеде жұмыс істеп, тәжірибе жинақтап, өзін қандай маман екенін көрсетуіне мүмкіндік туады. Және де алдағаы мезетте сол
жұмыс орнында жұмыс істеуі де мүмкін,-деді бізге облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жетекшісі Ерлан Жаулыбаев.


Бос орындар жәрмеңкесіне облысымыздың жүзге жуық жұмыс берушілер, бес жоғары мен техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындары қатысты. Жәрмеңкеге облыс әкімінің бірінші орынбасары Е. Аман келіп, жұмыс
берушілермен, жұмыс іздеген жастармен сөйлесіп, облысымыз қандай мамандықтарға зәру, қандай мамандықтар сұранысқа ие екендігімен, ҚМУ-дың жетістіктер көрмесімен жан-жақты
танысты. Жәрмеңке аясында осы жоғары оқу орнының соңғы курсында оқып жүрген жеті түлек жұмыс берушілермен жұмысқа орналасқаны жөніндегі келісім шартқа қол қойды.






– Ол мәселе енді, сол округтағы жағдайға, жұмыс берушілерге, серіктестіктерге байланысты.

Гүлназым САҒИТОВА
Суретте: жәрмеңкеден көрініс
Суретті түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ