Тұрғындармен кездесу
Науырзым. «Нұр Отан» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Х. Едіресов Дәмді, Қайғы, Қожа, Шилі ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесті. Басқосу барысында ол партияның жұмысы туралы, оның алдағы жоспарларын атап өтті. Бүгінде Елбасының жүргізіп отырған саясатына тоқталып, Жолдауда айтылған маңызды істерді де тілге тиек етті. Кездесуге келген көпшілік сұрақтарын да қойды.