67 сынып карантинде
Оқушылар арасында коронавирус дертінің ушығуына байланысты Қостанайдағы 20 мектепте 67 сынып карантинге жабылды.
Бұған дейін тәулік аясында індет жұқтырған тұрғындардың ішінде балалардың үлесі 5 проценттен аспайтын. Қазір бұл көрсеткіш 15%-ке ұлғайды. Дертке шалдыққан балалардың сыныптастары 14 күнге оқшауланып жатыр. Олар сабақты онлайн режимінде оқиды. Бірақ, әзірге, толығымен карантинге көшкен мектеп тіркелген жоқ.
"Балалар жиі ауыра бастады. Сол себепті, үйдегі ата-аналардың бірінен коронавирус белгілері анықталса, оқушыны мектепке жібермеуін сұраймыз", — дейді облыстық санитарлық-эпидемологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Юрий Севастьянов
Пандемия басталғалы облыста 31 486 тұрғын індет табылған. Оның 2920-сы – 14 жасқа толмаған балалар.