Берешекті келешекке қалдырсаңыз…

Қостанайлықтар салық төлемегені үшін көлігінен айырылуы мүмкін. Бұл туралы Қостанай облысындағы Мемлекеттік кірістер департаментінің өндірістік емес төлемдер басқармасы хабарлайды.
Аталған органның қызметкерлері жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен және әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, салықты қасақана төлемейтін азаматтарға қатысты тұрақты негізде бірлескен рейдтер жүргізуде.
Рейдтік іс-шаралардың нәтижелері бойынша борышкерлердің мүлкіне тыйым салынады және тартып алынады. Сонымен қатар, сот орындаушылары борышкерлердің банктік шоттарын бұғаттап, шетелге шығуға тыйым салуы мүмкін.
Мәселен, рейдтердің бірінде әлдебір борышкердің жол талғамайтын көлігі үшін 551,0 мың теңге сомасында салық төлемегені анықталды. Көліктің тізімдеме актісі жүргізіліп, "темір тұлпарын" айыппұл тұрағына орналастыру кезінде көлік иесі бюджетке берешек сомасын толық көлемде өтеді.
Бұл бағыттағы жұмыс жандана түседі және бюджетке салық берешегін толық өндіріп алынғанға дейін жалғастырылатын болады.
Сонымен қатар, борышкерлер әлеуметтік төлемдер немесе жәрдемақы алу үшін қажет шоттардан басқа банктік шоттар аша алмайды.
Салықтарды E-salyq Azamat мобильді қосымшасы, Egov порталы, Қазпошта мен ЕДБ бөлімшелерінде, сондай-ақ ЕДБ (halyk, kaspi) мобильді қосымшалары арқылы төлеуге болады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓