Балаларға кітап апарып берді
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары Комитетінің "Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" отбасы күніне арналған "Ауылым кітап" республикалық қайырымдылық акциясын бастады. Акция аясында қазіргі заманғы балалар және жастар әдебиеті кітаптары жиналып жатыр.
Аталған іс-шара кітап оқуға деген ынтаны ояту және шалғай орналасқан ауылдардың кітапхана қорын байыту үшін ұйымдастырылған.
Осы акция аясында орталықтың облыстағы филиалы "Жанұя" отбасы үлгісіндегі балалар үйіне барды. Бұл мекемеде 4-18 аралығындағы 45 тәрбиеленуші бар. Араларында студенттер де кездеседі. Мұнда балалары тәрбиешілерін «мама» деп атайды. Біріне-бірі қамқор.
Қостанай облысы бойынша "Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" ұжымы атаулы мекеменің тәрбиеленушілеріне балалар әдебиетін, энциклопедияларды, ертегі жинақтарын, арнайы жазу дәптерін және бояуларды сыйға тартты. Тәрбиешілердің айтуынша, арт-терапия балаларға жағымды әсер сыйлап, көңілдерін жайландырады. Балалар сыйлықтарға дән риза болып, ұжымға алғыс білдірді.

"Қайырымдылық акциялары біздің мекемеде жиі өткізіліп тұрады. Тамыз айында жалпы республикалық «Мектепке жол» акциясына да атсалыстық. Көп балалы отбасының балаларына оқу-құралдарын алып беріп, қаржылай да көмек көрсеттік. Себебі, балаларға спорттық киім, екінші аяқ киім қажет дегендей. Көп балалы ана азғантай көмегімізге қуанып қалды. Біреуге жақсылық жасап, біздің де көңіліміз жасап қалды. Енді, бүгін балалар үйіне кітаптар алып келдік. Бүлдіршіндер бос уақыттарында кітап оқып, зейінін ашады деп үміттенеміз", – дейді филиал директоры Абылайхан Алшынбаев.