Жақыпов қайта оралды
"Тобыл" футбол командасы өзінің төл түлегі Тимур Жақыповпен келісімге келді. Қорғаушының негізгі құрамнан орын алуы үшін біраз тер төкті. Басында жастар құрамынан көзге түскен тас қамал өреннің өнеріне жергілікті ұжымнан гөрі сырттағылардың назары ауғанға ұқсайды.
Шахтер клубы ойыншыны өз бақылауына алып, жастар құрамынан орын берді. Оқжетпес, Ақсу командаларының арасында ойып тұрып негізгі құрамнан көрінді. Жетісудың ел біріншілігіне жолдама алуына үлес қосты. Клуб пен ойыншының арасындағы келісім бір жылға шақталған. Осының ізін ала команда өздерінің тағы бір түлегі, жас қақпашы Сұлтан Бұсырмановпен келісімшартты ұзартты.