Жанатын су

Қостанайда нөсер кәрізіндегі жанатын су Қазнетті таңғалдырды. Экологтар тексеру үшін судың сынамасын алды, – деп хабарлайды  Tengrinews.kz  тілшісі.
Желіде тараған бейнежазбада адамдар нөсер канализациясынан су алып, оның жанатынын көрсетеді. Осыған байланысты экологтар Қостанайдағы Назарбаев даңғылындағы Гагарин өткелі астынан сынамалар алып кетті. Желі қолданушылары нөсер кәрізіне мұнай өнімдері түсуі мүмкін деп болжап отыр.
"Бізге қала әкімдігінен шығу тегі түсініксіз бір затты анықтау қажет екені туралы ақпарат келіп түсті. Мамандар сол орыннан сынамалар алды. Қазір талдау жүріп жатыр, сәрсенбіде заттың құрамы белгілі болады", – деп хабарлады Қостанай облысы экология департаменті басшысының орынбасары Қуаныш Елеусінов.
 
 
Бұл ақпарат Қостанай облысының әкімдігі мен төтенше жағдайлар департаментіне де хабарланды. Қазір зертхана қаланың барлық кәрізінен, сондай-ақ Тобыл өзенінің жоғары және төменгі ағысынан сынамалар алып жатыр. Сондай-ақ, мамандар "Текстильщик-1" саяжай қоғамынан су сынамасын құйып алды, бұған дейін сол аумақтағы тұрғындар еріген су оларға полигоннан келе жатқанына алаңдап отыранын жазған. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓