Шаңырағың – шуағың

IMG_8364Облыстық  ішкі  саясат  басқармасының  басшысы Жанділдә Мақановтың жетекшілік етуімен Достық үйінде интеллектуалды клуб мүшелері жаздық демалыстан кейін қайта бас қосты.
– Бұл жолғы жиналуымыздың сыры мен мәні тіпті басқада, – деп сөз бастады мәжіліс модераторы Жанділдә Мақанов. – Жақында ғана өздеріңіз білетіндей, "Отбасы күні" аталып өтті. Соның "қызуы сөнбей" тұрғанда Сіздермен бір арқа-жарқа әңгімелесіп алайын дедім.
Бүгінгі қонағымыз – Зейнолла Жаңбыршинов ағамыз. Бұл кісіні ел-жұрт жақсы таниды. Қазір абыз ақсақал, немере, шөбере сүйіп отырған қадірлі қария. Облыстық үлгілі отбасы байқауының жеңімпазы болған Зейнолла Абайұлы әне-міне Елордамыз Астанаға жол жүрмекші. Себебі, Астанада ұйымдастырылып отырған республикалық байқауға қатысып, өңіріміздің намысын қорғамақ.
Біз соған орай бүгінгі кездесуімізге Зекеңді арнайы шақырып, отбасылық құндылықтар төңірегінде әңгіме құрмақпыз.
Жанділдә Қожахметұлы содан кейін "Жас отандықтардың" арнайы дайындаған "Жаңбыршиновтарды қолдайық!" бейне сюжетіне кезек беріп, барлық жиналған әлеуметті бір ауыздан қолдау көрсетуге шақырды. Бұдан соң келген қонақтар профессор Лилия Саркисян, ақын, қаламгерлер Ғайнижамал Бердалинова, Серікбай Оспанұлы, Қостанай аудандық мәслихатының депутаты Қарлығаш Балапанова, Ы.Алтынсарин  атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының қызметкері Наталья Васильчишина сөз сөйлеп, отбасы құндылығы туралы өз ойларын жеткізді. Бүгінгі қоғамдағы отбасылық мәселелерді қалай шешілу жолдарын әңгімеледі. Ақындар жыр оқып, мәжілістің тақырыбын одан сайын аша түсіп, жиналған жұртты бір серпілтіп тастады. Келешек ұрпаққа отбасылық құндылықтарды қалай беру керек, олардың санасына отансүйгіштік тәрбиені қалай сіңіру қажет? Міне, осындай сауалдар төңірегінде  қызу әңгімеге ұласқан алқалы мәжіліс балаларды кітап оқуға, оларды әдебиетке қызықтырып, рухани тәрбиелеу отбасынан басталатынын алға тартты. Сонда ғана баланың бойында Отанға, елге, жерге деген махаббаты оянады.
Нұрболат
        МЕШІТБАЕВ
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓