Отбасы құндылығы неде?
Расында да, неде? Тәрбие неден басталады? Ұл мен қызы-мызға лайықты тәрбие беріп отырмыз ба? "Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбие-лейміз" деген ұлағатты сөзіміз бар емес пе. Отбасылық тәрбиеде кемшін кетіп бара жатқан тұстарымыз да бар, мүмкіндігіміз келіп жатса ол кемшіндердің орнын толтырып, ұл-қыздарымызға, немерелерімізге лайықты тәрбие берсек, мерейіміз таситыны сөзсіз. Облыс әкімі Н.Садуақасов та өзінің сөздерінде биылғы жылды "Отбасы мен мектептің өзара іс-қимыл" жылы деп атап өткен-ді. Міне, осы мақсатта облыстық білім басқармасы мен іскер әйелдер қауымдастығы отбасылық тәрбие беруде ата-аналардың психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін арттыру бағыты бойынша "Жеке тұлғаны рухани-адамгершілік тұрғыда тәрбиелеу- отбасылық құндылықты тәрбиелеудің маңызды шарты" әлеуметтік-маңызды жобасын іске асыру аясында онлайн режимінде ата-аналармен кездесулер өткізді. Облыстық білім басқармасы мамандарының айтуынша, онлайн-кездесу барысында өңіріміздегі танымал психолог мамандар "Тұлға отбасында қалыптасады", " Отбасылық тәрбие: салт-дәстүр мен бүгінгі заман", "Отбасы және мектеп: тиімді өзара қарым-қатынасы", "Отбасылық қарым-қатынастың психологиясы" секілді тақырыптарда әңгіме жан-жақты қозғалды.
Гүлназым
САҒИТОВА