“Мектепке жол” мәреге жетті
Рудный қаласында "Мектепке жол" жалпы республикалық акциясының қорытындысы шығарылды.
Ол бойынша 2807 балаға 21 миллион 408 мың теңгенің көмегі жасалған. Биыл балаларға қам-қорлық жасап, мектепке баруларына керек-жарақты алып беруге 100-ден аса кәсіпорын атса-лысқанын айта кеткен жөн. Қалалық білім бөлімі мамандарының мәлімдеуінше, акцияға перзентхана үйі, қалалық аурухана, "Рудныйсоколовқұрылыс" АҚ, "Рахат" МҚК, "Авангард Бизнес" ЖШС, "Казогнеупор" зауыты, "Рудный су арнасы", Рудный темір жол ша-руашылығы, политехникалық колледж бен Рудный индустриялық институтының ұжымы, сондай-ақ қалалық "Нұр" мешіті мен Православ шіркеуі белсене қатысқан. "ССКӨБ" АҚ да бұл жолы шет қалмай, көп балалы қызметкерлеріне қолдау ретінде 14 миллион теңге бөлді. Маусымды қайырымдылық шарасы өз мәресіне жеткенімен, қажет жағдайда білім бөлімі аз қамтылған отбасыларға көмекті жаппай оқу қоры есебінен жүргізе бермек.
Қуаныш
ЕСҚАБЫЛ