Амангелді ахуалымен танысты
Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов жұмыс сапарымен Амангелді ауданына барды. Бұл туралы Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Ол облыстық маңызы бар Әулиекөл-Жалдама (187 шақырым) автомобиль жолының учаскесін орташа жөндеу жөніндегі жұмыс барысын қарап шықты. Жөнделетін жолдың ұзындығы – 207 шақырым. Жөндеу жұмыстарын ағымдағы жылдың қараша айында аяқтау жоспарлануда.
Одан әрі Амангелді ауылындағы жабық бассейнге барды. Бассейннің көлемі – 25м × 8м, ауысымына 24 адамды қабылдай алады.
Бұдан соң өңір басшысы көпфункциялы туристік кешеннің құрылысын тексерді. Жоба 750 млн теңгеге жеке инвестициялар есебінен жүзеге асырылуда. Туристік кешенде мұражай, қонақ үй, бассейн, кафе, жазғы амфетеатр, мемориал, пирамида, спорт және балалар алаңдары бар. Құрылысты 2023 жылы аяқтау жоспарлануда.
Сонымен қатар, ауданның басқа да бірқатар нысандарын аралап, сапар қорытындысы бойынша А.Мұхамбетов аудан әкімі Т.Карбозовқа ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша жұмысты күшейтуді, сондай-ақ жоспарланған жұмыстарды сапалы және көрсетілген мерзімде аяқтауды тапсырды.