Қазақтың әй-әй ақыны
Қазақ көркем ойының тұтас тарихы дәуірге, сұлулыққа, тіпті, кісілікке, ізгілікке көзқарасы құралады екен. Біз соны қазақтың «әй-әйі» болған Қонысбай ақынның кешінен ұғындық, ағайын!

Тобылдың төрінде өткен кештің «сусап қалған» қалың қауымның шынайы көңілінен шықты. Облыс орталығындағы І.Омаров атындағы қазақ драма театрында болған Қонысбай Әділдің шығармашылық кеші жоғары дәрежеде өтті.
Ақын ағынан жарылды. Кеш жүргізушісі Көпен Әмірбек те халықтың ыстық ықыласына бөленді. Дүйім елді, нөпір халықты құшағына құшқан ақын Қонысбай да құштарлықтың шабытынан шықты.
Қазір ақын туған өңірі Арқалық пен Торғайды бетке алып, қасиетті қарт Торғайдың төрінде жүр. Біз, өнерлі жұрты ақынға ақжолтай болдық!
Нұрболат Мешітбаев
Суретті түсірген Бағдат Ахметбеков