Ұжымдарға атақ беру шарттары

«Көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» немесе «Үлгілі» атағын беруге өтінімдерді қабылдау» мемлекеттік қызметін жергілікті атқарушы органдар электронды немесе қағаз түрінде тегін көрсетіледі.
Ұжым басшысы өтінімді қағаз түрінде Мәдениет басқармасының кеңсесіне немесе «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz, www.elisence.kz арқылы береді.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі.
Мәдениет басқармасының кеңсесіне:
1) өтінім;
2) көркемөнерпаз ұжымы жиналысының хаттамасы;
3) көркемөнерпаздар ұжымдарына шығармашылық мінездеме:
-жетекшілер туралы мәлімет;
-репертуары және ағымдағы жылға оқу-тәрбиелік жұмыс жоспары;
-ұжымның концерттік бағдарламасы;
-қатысушылар құрамының тізімі;
4) марапаттарын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
5) көркемөнерпаздар ұжымының қызметі туралы жергілікті және/немесе республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған материалдар (3 мақаладан кем емес).
Порталға: жоғарыда көрсетілген құжаттардың электронды көшірмелері. Өтінімдер ЭЦК-н куәландырылады.
Өтінім жергілікті атқарушы органға келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде қаралады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі «Халықтық» немесе «Үлгілі» атағын көркемөнерпаздар ұжымына беру туралы өтінімді қабылдау туралы қолхат немесе өтінімді қабылдаудан бас тарту туралы қолхат болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушының құжаттардың толық емес топтамасын ұсынуы және/немесе мерзімі өткен құжаттарды ұсынуы өтінімді қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓