Думанды орта – “Достық үйі”

Өнегелі  істің ұйытқысы
достықЕртеден дана халқымыз бірлік пен татулыққа аса мән берген. Халық даналығындағы "Бірлік  түбі – береке" деген аталы сөз бүгін де маңызын жойған жоқ.  Өмір сүру салтымызға да мол әсерін тигізуде. Біздің  Отанымыз-да  жүз отыздан  астам  ұлт  өкіл-дері  мемлекет басшысы  Н.Ә.На-зарбаевтың кемел саясаты арқа-сында бақытты ғұмыр кешіп жатыр.
Кезінде қазақ жеріне қоныста-нушыларды халық жатырқамай қарсы алып, бауырына басты, қолындағы барымен бөлісті. Бұл күндері олар республикамыздың өркендеуіне лайықты үлестерін қосуда.
Біздің басты байлығымыз – ел ішіндегі татулық пен бірлік. Осы-ған орай әр қалада бірліктің сим-волы ретінде "Достық үйі" ашы-лып, жұмыс істеуде. Сонымен қатар, 1 мамырды бірлік күні ретінде  мерекелеп келеміз.  
Облыс орталығында "Достық үйі" ғимараты  2006 жылы 7 қыр-күйекте ашылды. Еңселі зәулім ғимараттың жалпы ауқымы 1119,3  шаршы метр. Онда мем-лекеттік және басқа да ұлттар тілін үйренуге арналған 8 жек-сенбілік мектепте 300-ден астам оқушы білім алуда.
Сондай-ақ, мұнда 18 этно-мә-дени орталықтардың кеңселері орналасқан. Олар үшін барлық жағдай жасалған. Аймақтағы 100-ден аса ұлттардың  өкілдерін бір жерге біріктіріп, татулығын ны-ғайтып отыр. Ғимараттың тағы бір ерекшелігі 120 орындық  мә-жіліс залында  елеулі  іс-шаралар өтіп тұрады. Өңірдегі түрлі ұлт өкілдері бірлесе отырып,  "Автор-лық  әндер", "Украин халқының фестивалі", "Алтын микрофон", "Тіл шеруі" секілді танымдық жағы мол игі бастамаларды ұйымдас-тыруға мұрындық болуда.
Бірлігі жарасқан Қазақстанда мекендеп жатқан халықтарға айрықша  көңіл бөлу мемлекеті-міздің басты қағидасына айнал-ды. Елбасы  Ассамблея сессия-ларының бірінде "Біздің Тәуел-сіздігіміздің тарихы – бұл барлық этностар достығының жылнама-сы. Елімізді өркендетуге Қазақ-станда өмір сүріп жатқан барлық этникалық топтардың өкілдері атсалысып келеді", – деп  тоқталған болатын.
 
Қазақ елінің қонақжайлығына тәнті
онтонҚазіргі таңда аталыш мекеме-ге  өңір жұртшылығына танымал Антон Труханов басшылық етеді.
"Жаратқан әркімге өз несібесін береді ғой.  Өзімнің маңдайыма жазылған кәсіп журналист болу деп білемін. Бәрі күтпеген жер-ден болды. Алғашында қара-пайым тілші болуды армандап, жергілікті радиолардың біріне бас сұққанмын. 2-ші курс студенті едім. Телеарна редакторы мені көрген бетте: "Сен телеарнаға жаралғансың" деп көңілімді бір марқайтып тастады. Не дерімді білмей аңтарылып қалдым. Қолыма мәтін ұстатып, камера алдына отырғызды. Еш қиналмастан бергенін оқып бердім. Содан бері телеарналарда жүргі-зуші болып келемін.
Журналистика саласында ең-бек еткеніме 10 жылдай уақыт болды. Облыстық "Қазақстан- Қостанай" телеарнасының ұжы-мына айтар алғысым шексіз. Оның үстіне, менің мамандығым  өзіме қатты ұнайды. Бұқаралық ақпарат саласында жұмыс істегесін  жаңалықтарды дер кезін-де біліп отырасың. Одан  әлі қол үзгенім жоқ" – дейді ол бізбен әңгімелескенде.
Ал оған жауапты қызметті сеніп тапсырғанда  көңілінде біраз қо-балжу болыпты. Бірақ жинақта-ған тәжірибенің арқасында ол басшылық қызметтің қыр-сырын да жылдам үйреніп алды.
Ондағы этно-мәдени орталық-тардың төрағаларымен тез тіл табысып, жемісті еңбек етуде.
Қазақ халқының қонақжай-лығына тәнті болған Антонның пікіріне сүйенсек, бірлік пен тұ-рақтылық  қалыптасқан ел  өрке-ниеттің де көшін бастайды.
Мешіт ҒАЗИЗ.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓