Балаларға жақсылық сыйла!
Жітіқара ауданында "Мектепке жол" республикалық акциясын өткізу нәтижесінде 792 балаға 4 592,0 мың теңгенің көмегі көрсетілді. Оның ішінде бюджеттік қаражаттан 391,8 мың теңге, ал бюджеттен тыс 4 200,2 мың теңгені құрап отыр. "Балаларға жақсылық сыйла!" ұранымен өткен акцияға Жітіқара ауданының әкімдігі, Жітіқара қаласының, ауыл және ауылдық округтерінің әкімдіктері, мемлекеттік мекеме басшылары мен ұжымдары, аудан мектептерінің әкімшіліктері мен ұжымдары, "Житикаракоммунэнерго" МКК, "Қостанай минералдары" АҚ, "Брендт" ЖШС, "Орион Минералс" ЖШС, шаруа қожалықтарының басшылары, "Ержан Татишев" атындағы мешіт пен тағы да көптеген тұлғалар белсене атсалысты.
Акция шеңберінде оқумен қамтылмаған балалар мен жас-өспірімдерді анықтау үшін рейдтік іс-шаралар да ұйымдастырылды. Рейд барысында жалпы саны 427 мұғалім үй-үйді аралап, балалардың көп шоғырланатын орындарын, яғни клубтар мен кафелерді, компьютер салондарын, теміржол және автобус бекеттерін тексерді.
Қуаныш
ЕСҚАБЫЛ