Спорт алаңы ашылды
Лисаков қаласында қала әкімінің орынбасары А.М. Шектібаевтың қатысуымен қалалық теннис корты ауданында тренажерлары бар спорт алаңының ашылуы өтті. Алаңда 12 дана көше күштік тренажерлар орнатылған, бұл тренажерлар спортпен айналысуға арналған. Абаттандыру үшін «PAKO Group Co» ЖШС-мен жалпы сомасы 22,140 млн.теңгеге шарт жасалды. Мұндай алаңдар қазіргі уақытта Жітіқара қаласында орнатылған. Бұл тренажерлар мүмкіндігі шектеулі жандар мен қала тұрғындары үшін қолжетімді болады. Қала үшін мұндай алаңды орнатуға ҚР спорт шебері, облыстық, республикалық және халықаралық жарыстардың чемпионы, параолимпиадалық ойындардың қатысушысы А.Лукутин бастамашы болды, ал әкімдік қысқа мерзімде бұл идеяны қолдады. Мұнда барлық ниет білдірушілер жаттыға алады, жабдық әртүрлі санаттарға бейімделген.