“Қолдау” жүйесінің жеңілдіктері

ҚР Бәскелестікті қорғау және дамыту агенттігі ауыл шрауашылығы тауарын өндірушілердің «Қолдау» жүйесіндегі шектеулер туралы шағымына құлақ асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ауыл шаруашылығына берілетін субсидия «Қолдау» жүйесі арқылы электронды нұсқада қабылданады. 13 шілдеге дейін аталған жүйе арқылы субсидия беру туралы өтінім рәсімдеу үшін облыс бюджетінде аталған мақсатқа бөлінген қаражат болуы керек еді. Яғни бюджетте шаруа сұрап отырған субсидия түріне бөлінген қаржы болмаса, өтініш бере алмайтын. Бюджетке қаражат түскен күннен бастап өтініш қабылдау басталатын.
«Қолдау» платформасы қаражат бөлінгеннен кейін ғана өтінімдерді қабылдай бастайды. Бірақ ол қаражат екі-үш күннің ішінде бітіп қалады да, платформа өтінім қабылдауды тоқтатады. Бұл осы жүйеде жұмыс істей алатын немесе осы салада мамандары бар адамдарға пайдалы. Ал осы екі-үш күннің ішінде үлгермегендері өтініш бере алмайды. Яғни агроөнеркәсіп кешеніндегі субьектілердің субсидияларға қол жеткізу мүмкіндігі тең емес», -деп сипатталған агентіктің түсіндірмесінде.
Агенттік мамандары атыраулық шаруалардың осы шағымын назарға алып, Ауыл шаруашылығы министрлігіне субсидия жөніндегі өтініштерді бюджетте қаражаттың болған, болмағанына қарамастан қабылдап, өңдеуді ұсынған болатын. Сондай-ақ, түскен өтініштерді берілген уақыты бойынша кезекке қою тәртібін енгізу туралы нұсқау берілген. 13 шілдеде Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының № 207 бұйрығы шығып, Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау ережелеріне түзету енгізілді. Бұдан былай қаржы түспеген кезде қабылданған өтініштер «күту парағы» бойынша кезекке қойылады. Бюджетке қаражат түскен бойда субсидия сол кезек бойынша рәсімделуі керек.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓