Айнұр алдына жан салмады

Төтенше жағдайлар министрлігінің ұйымдастыруымен өрт сөндіру-құтқару спортынан елорда төрінде ерлер арасында XXIX қысқы чемпионаты аяқталды. Еліміздің барлық өңірінен келген 18 команда,  272 қатысушы осы спорт түрінен өз шеберліктерін көрсетті.Жарыс дәстүрлі екі сынақ бойынша өткізілді: оқу мұнарасының 4-ші қабатының терезесіне (ерлер) және 2-ші қабатына (әйелдер) шабуыл сатысымен көтерілу, сондай-ақ 100 метрлік кедергілері бар жолақтан өту. Жалпы есепте Қостанай облысының ерлер құрамасы 18 команда арасында 9-шы жалпыкомандалық орынға ие болды.Әйелдер арасында 100 метрлік кедергілері бар жолақтан өтуде Айнұр Бажева алтын медальді жеңіп алды. Ол бұған дейін де осындай бірнеше жарысқа қатысқан. Бұл жолы Айнұр діттеген мақсатына қол жеткізді. Жалпы, мұндай біріншілік жыл сайын өтіп тұрады. Ол өрт сөндірушілердің тілсіз жаумен күресте күшін, ептілігін және батылдығын көрсетеді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓