Цифрлы платформаларды ұмытпауымыз керек

Білім беру ұйымдарында цифрлы платформаларға қолжетімдік қамтамасыз етіледі. Бұл туралы «Білім және ғылым – елдің тұрақты дамуының кепілі» тақырыбындағы педагогтердің Республикалық тамыз конференциясының пленарлық сессиясында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті.
«Биылғы оқу жылында барша білім беру ұйымдарында цифрлы платформаларға қолжетімдік қамтамасыз етіледі. Біз қазір дәстүрлі форматқа көштік деп осыған дейінгі пайдаланылған платформаларды ұмытпауымыз керек. Олар ары қарай мектептерде пайдаланылады. Сондықтан цифрлы платформалар үшін түсірілген, дайындалған сабақтарды пайдаланып, оқу процесіне енгізу өте маңызды», – деді Асхат Аймағамбетов.          
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓