Таңдауға жасауға мүмкіндік мол

Елімізде педагогтар оқулықтарды өздері таңдайды. Бұл туралы «Білім және ғылым – елдің тұрақты дамуының кепілі» тақырыбындағы педагогтердің Республикалық тамыз конференциясының пленарлық сессиясында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті.
  «Оқулықтардың альтернативтілігі қамтамасыз етілетін болады. Ол бойынша біз қазіргі уақытта заңнамаға тиісті өзгерістер дайындап жатырмыз. Бұл тұрғыда 1-ден 11-сынып аралығындағы оқулықтардың альтернативтілігі ескеріліп отыр. Біздіңше, бұл өте маңызды мәселе. Осы орайда тиімді деп саналатын оқулықтарды педагогтардың өздері таңдау мүмкіндігін қамтамасыз ету маңызды. Қазір бізде бірыңғай оқулықтар бар. Олар бейінділікті ескерместен, гимназия, лицей және жалпы білім беретін мектептер үшін бірыңғай әрі бірдей болып тұр», – деді А. Аймағамбетов.
   Оның айтуынша, бұл норма осы мақсатты шешуге және педагогтар сұранысын ескере отырып, тапсырыс беруге мүмкіндік береді.
  «Тек, бірыңғай оқулықтар Қазақстан тарихы мен Дүниежүзілік тарих бойынша сақталады. Бұл оқулықтар бірыңғай бағдарлама бойынша жүреді. Қазіргі кезде тиісті жұмыстар пысықталып жатыр», – деді министр.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓