Есірік күйде рөлге отырған
Қамысты ауданында полицейлер есірткі шегіп алып көлік рөліне отырған күдіктіні ұстады. Есірік күйде жол қозғалысы ережесін бұзған ол 20 тәулікке қамауға алынды.
Тәртіп сақшылары 7 тамыз күні түнгі сағат 1-лер шамасында Адаев елді мекенінде жоғары жылдамдықпен ойқастап жүрген «ВАЗ-2110» автокөлігінің соңына түседі. Полицейлер оған бірнеше мәрте көлігін тоқтату туралы бұйрық берген. Бірақ ол мұны елемей, жылдамдықты бәсеңдетпеген қалпында қашып құтылуға тырысады. Ақырында автокөлік тоқтатылып, ереже бұзушы қолға түсті. Рөлде осы ауылдың 31 жастағы тұрғыны отырған. Сараптама көрсеткендей, ол есірткі тұтынған. Оның үстіне, жүргізуші куәлігі болмай шықты.
Айта кетейік, жыл басынан бері өңірдің жергілікті полиция қызметі қызметкерлері көлікті мас күйінде жүргізген 955 шопырды қолға түсірген. Осы уақыт аралығында мас шопырлар кесірінен 17 жол-көлік оқиғасы болып, одан 2 адам көз жұмып, 23-і әртүрлі деңгейде жарақат алған.