Ауыл тұрғындары бей-жай қарамады

Сарыкөл кентінде ауыл тұрғындары құқық қорғау қызметкерлеріне аса ауыр қылмысты ашуға көмектесті.
Облыстық ішкі істер департаментінің басшысы Ерлан Омарбеков әлеуметтік желідегі жеке парақшасында Қостанай облысы полицейлерінің Сарыкөл ауылында аса ауыр қылмыс – екі адамды өлтіру қылмысын ашқанын хабарлады.
 «19 наурызда Сарыкөл кентінде ауыл тұрғыны жекеменшік тұрғын үйден 1974 және 1965 жылғы екі ер адамның зорлықпен өлтірілген денелерін тапты. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексі 99-бабының 2-бөлімі («Екі немесе одан да көп адамды өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды», – деп хабарлады облыстық полиция басқармасының басшысы.
Қылмысты ашу үшін құрамына полиция бөлімінің тәжірибелі қызметкерлері кірген арнайы тергеу-жедел тобы құрылды.
«Тергеу барысында қылмыстың бірнеше нұсқасы алға тартылды. Жедел іздестіру шаралары барысында Сарыкөл ауылының 2001 жылғы тұрғыны қолға түсті», – деп толықтырды ол.
 Ұсталған ер адамның екі кісіні өлтірудегі кінәсі тергеу әрекеттері, алынған заттай айғақтар, сондай-ақ оның өзінің мойындаумен расталғаны атап өтілген. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Қалған ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін таратылмайды.
«Бұл қылмысты ашуға Сарыкөл кентінің тұрғындары үлкен көмек көрсеткенін атап өткім келеді. Белсенді азаматтық ұстаным бүгінде ішкі істер органдарының жұмысындағы жақсы тірекке айналуда», – деп түйіндеді Е.Омарбеков.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓