Басты мақсат – жемқорлықпен күрес
Қамысты аудандық сотының төрағасы Н.Жанакаев аудандық әкімдік бөлімі өкілдерінің және Қамысты ауданының әкім аппаратының қызметкерлерінің қатысуымен "Мемлекеттік қызметкерлердің арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және жою" тақырыбына жиын өткізді.
Басқосу барысында сот төрағасы осы уақытқа дейін тіркелген сыбайлас жемқорлық қылмыстардың арасында, көп кездесетін қызметтік жалғандық жасау, қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, пара алу сияқты заңға қайшы әркеттер туралы айтып берді.
Сондай-ақ, ауданындан аумағында тіркелген сыбайлас жемқорлық фактлері мен қозғалған қылмыстық істерді қарау нәтижелерінен нақты мысалдар да келтірілді.
* * *
Сарыкөлде аудан әкімдігінің жанындағы жемқорлықпен күрес комиссиясының алғашқы отырысы өтті. Жиында барлық мемлекеттік мекемелердің жемқорлықпен күрес жолында қабылдаған келісімдері туралы сұрақтар қаралды. Аталмыш сауал бойынша аудан әкімдігінің заң бөлімінің басшысы Наталья Ляпина баяндама жасады. Баяндамасында жүзеге асырылған ілкімді істер мен комиссияның жұмыс жоспарына тоқталды. Ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша аудандағы мемлекеттік қызметкерлер арасында құқықбұзушылық пен жемқорлықтың болмағанын айтты.
Сондай-ақ, мемлекеттік мекемелерде қабылданған жемқорлықпен күрес туралы келісімдер бойынша Тәгіл ауылдық округінің әкімі Сағымбай Сүндеталин мен білім бөлімінің басшысы Ирина Науменколар есеп берді.
Комиссияның алғашқы отырысын түйіндеген аудан әкімі Эльдар Күзенбаев жемқорлыққа қатысты жәйттардың алдын-алу қажеттігін қадап тапсырды.
Руслан ӘЛКЕЕВ.
Сарыкөл ауданы.